ДИКТОР: Ақмола облысы аумағында шөп шабу науқаны енді қарқын ала бастады. Бұған дейін жиі түскен жауын шашын жұмысқа кедергі болған еді. Биыл шөп көп, құнарлы, әрі қою. Енді уақытылы шауып, жинап алып үлгеру керек, - дейді шаруалар.

РКС: Өткен қыс қаһарлы болып, даладағы малдың дені қолға келген. Қорадағы малға да азық жетпей, ауыл тұрғындарының қыстан қысылып шыққаны рас. Мал азығын жинауға биыл ерте қамданған шаруалар оған енді күн райы жібермей жатқанын айтады. Ақкөл селолық округіне қарасты "Гүлден" шаруа қожалығы шөп жинауды осыдан бірер күн бұрын бастаған.

СНХ: ГАЛИХАН АХМЕТЖАНОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 2 мың тоннадай жем шөп жинаймын деген ойым бар. Барлығы ауа-райына байланысты ғой енді. Жауын болып жатыр аздап, бірақ оған қарамай жинап жатырмыз. Биылғы шөп өте керемет. шөптің шығымы да өте жақсы, сапасы да жақсы. Бәрі ойлағандай болып жатыр. Биыл шөп қалың құнарлығы керемет. Соны аман есен жинап алсақ сол бізге азық болады деп ойламын.

РКС: Шаруа қожалығында бүгінде 3 адам еңбектеніп жүр. Олар күніне 45-50 орам шөп жинайды.

СНХ: БОРИС ХОРОШУМ, МЕХАНИЗАТОР: Мен бұл жерде көктемнен бері жұмыс істеп келемін. Егін егу науқанына қатыстым. Қазір шөп шауып, жинап жатырмыз. Шөп шабу қиындау жүріп жатыр, өйткені қалың, шөп өте ауыр. Жауын шашын да аздап кедергі болып тұр. Ештеңеге қарамастан жинап алуға тырысып жатырмыз.

РКС: Қаһарлы қыс сабақ болды ма ауылшаруашылығы басқармасының мамандары биыл мал азығын былтырғы жылмен салыстырғанда бір жарым есе артық жинауды жоспарлаған.

СНХ: БІРЖАН ЕЛТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Қазіргі таңда мал азығын жинау жоспарлы жүріп жатыр. Және биылғы жоспар 1 млн 321 мың тонна жинау керек. Бірақ жауын-шашынның көптігіне байланысты мал азығын жинау аздап тежеліп қалған болатын. Бірақ соған қарамастан бүгінде толыққанды жүзеге асып жатыр. Өткен апталық ауылшаруашылығы министрлігіне берген ақпаратқа сәйкес 25 процент мал азығын жинадық.

РКС: Ауа райы біртіндеп ашылып келеді. Қазір шаруалар күн райын бағып, шөпті көптеп жинауға барын салуда.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ