ДИКТОР: Облыс орталығында кәсіпкерлер мен прокуратура органдарының мамандары кездесті. Жиында инвесторлар да болды. Сондай-ақ, шараға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Мәлік Сәулебай, облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов және облыс прокуроры Руфат Құттықов қатысты. Кездесу Ақмола облысы прокуратурасының қолдауымен ұйымдастырылды.

РКС: Кездесу барысында кедендік рәсімдеу және Орталық Азия мен Еуропа нарығына жағармай экспорттау сияқты проблемалық бизнес мәселелері талқыланды. Өңірдегі кәсіпкерлерді электр энергиясы, атап айтқанда тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі тарифтердің жоғарылауы, саудада қосымша құн салығын тіркеу шегінің көтерілуі алаңдатады.

СНХ: ЕРҚАНАТ МҰСЫЛМАНБЕК, ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Ақмола облысы прокуратурасында фронт-офис жұмыс істейді. Оған барлық мүдделі органдар, соның ішінде жергілікті атқарушы органдар мен Кәсіпкерлер палатасы кіреді. Бүгінгі шарада жер телімдерін уақытылы беру және кез келген инфрақұрылымдық желілерді тарут мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, фискалдық органдар тарапынан кедергілер, мемлекеттік сатып алулар және тағы басқа да сұрақтар бар.

РКС: Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокурорлар маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуде. Басты мақсаты – инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтаудың тиімді құралдарын енгізу және инвестициялық ахуалды жақсарту.

СНХ: МҰРАТ АХИМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Қазір облыста жалпы сомасы 655 млрд теңгені құрайтын 55 жоба жүзеге асырылуда. Соған сәйкес 3,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Маңызды жобаларды қолдау мақсатында прокурорлар инвесторлардың 21 проблемалық ісін шешті. Жобаларға салынған инвестиция 190 миллиард теңгеден асады Инвесторлар үшін «Прокурорлық сүзгі» қолданылады. Бұл әрбір инвестициялық әрекеттің заңға сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

РКС: Жиынға қатысушылар кәсіпкерлер мен прокурорлар үшін ортақ чат құруды ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Бұл жұмыс кәсіпкерлер мен инвесторлардың өзекті мәселелерін анықтауға, сондай-ақ осы мәселелерді мемлекеттік органдарға көрсетуге көмектеседі.

ЯНА КРЮЧЕК, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ