Жүргізуші: Көкшетаудағы жылу қазандықтары шетінен жаңартылып жатыр. Оған бюджеттен қосымша ақша бөлінді. Сондай-ақ күл төгетін алаң кеңейтіледі. Жалпы қалада жылу желілерінің 43%-і тозған. Оны толық жаңғыртуға 9 млрд теңге керек.
КСМ: Елу жылдан бері жұмыс істеп тұрған қазандықтар әбден ескірген. Тіпті 90-жылдары орнатылған қондырғылар да тоза бастапты. Коммуналдық кәсіпорны 56 мың халықты жылумен қамтып отыр. «Жабдықтарды жаңартатын уақыт келді», - дейді мамандар. Биыл біраз қондырғыны жаңартуға мемлекет қазынасынан 816 млн теңге бөлінді.
СНХ: ЕРЖІГІТ ТҮНҒАТАРОВ, КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазіргі таңда сегізінші, тоғызыншы, оныншы су қазандығын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол қыздыру беттерін ауыстыру және конвертивтік пакеттің бөліктерін ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Және де 559 млн теңге бөлінді Үкімет резервінен. Бұл жылу құбырларын ауыстыруға. Оған Көкшетау қаласының, екінші Көкшетау және Красный яр ауылында жұмыстар атқарылады.
КСМ: Қалада халық саны жыл санап өсіп, 180 мың адам болды. Жаңа шағын аудандар бой көтерді. Сондықтан жылумен қамту мәселесі өзекті. Ескі қазандықтарының қуаты жетпейді. Сондықтан біртіндеп жаңартылуда.
СНХ: НҰРЛАН ҚОШКАРБАЕВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕНІҢ ИНЖЕНЕРІ: Қазіргі уақытта екінші жылу қазандығындағы жөндеу жұмыстары 75%-ке орындалды. Құбырлар мен ішкі қондырғылары толық жаңартылды. Қазір үшінші қазандықты жөндеуге кірістік.
КСМ: Бұдан бөлек, шаһардағы күл төгетін алаң да толып қалған. Қазір мамандар кеңейту жұмыстарын қолға алды. Оған Үкіметтен 2,3 млрд теңге қарастырылып отыр.
СНХ: АСҚАР НҰРМАҒАНБЕТОВ, КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазір біздің күл төгетін орын 100%-ке толып қалды. Сол себепті біз оны кеңейтіп жатырмыз. Бұл бізге алдағы төрт-бес жылда күл үйіндісін төгуге мүмкіндік береді.
КСМ: Жалпы биыл облыстағы жылыту маусымына 32 млрд теңге бөлінді. Әсіресе, Көкшетау мен Степногорск қалаларына басымдық беріліп отыр. Ал, Көкшетауда жылу орталығын салындар деген Президент пәрмені іс жүзінде емес, тек сөз жүзінде ғана орындалып келеді.