Жүргізуші: Астанада «AQMOLA INVEST» инвестиция тарту орталығы ашылды. Бүгінге дейін пилоттық режимде Орталық алаңында 23 кездесу өткізілді, оның 13-і шетелдік инвесторлардың қатысуымен. Венгриялық компания Аршалы ауданында ауыл шаруашылығы технологиялық паркін құруға ниет білдіріп отыр. Сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды жағу зауыттары салынбақ, оған қытайлық компания инвестиция салмақ.
КСМ: «AQMOLA INVEST» инвестиция тарту орталығы облысқа жаңа қаржы көздерін әкелуге бағытталған. Орталықтың негізгі мақсаты - инвесторларға жан-жақты қызметтер көрсету. Мемлекеттік органдармен жұмысты үйлестіру, кеңес беру, жобаларды сүйемелдеу және ақпараттық қолдау көрсету қарастырылған. Ол өңірдің экономикасына отандық және шетелдік инвесторларды тартуға бағытталған.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Астана агломирация шеңберінде жұмыс істеп жатырмыз. Қалаға қандай тауар қажет, қандай өндіріс қажет, сондықтан бізде жұмыс орны бар, жеріміз бар, сол қаланың сыртында біз соларға жер беріп осы қаланы жаңағы өніммен қамту мәселесі. Және бұл жаңа жұмыс орны, сапалы, тұрақты жұмыс орнын жасау. Қосымша құн бізде қалады, салық төленеді. Бұл халықтың тікелей әлеуметтік жағдайын жоғарылатуға, тұрақтандыруға септігін тигізеді. Бұл бастамасы, жұмыс жалғасады.
КСМ: Орталық алаңында ынтымақтастық және жалпы сомасы 76 млрд теңгеге инвестициялық жобаларды іске асыру туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды. Бұл келісімдер түрлі салаларды қамтиды. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы, өңірде тұрмыстық қалдықтарды жағу зауыттарын салу, автоклавты газбетон өндірісін ашу жобалары бар. Сондай-ақ, KAZENERGY мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы мен Ақмола облысының әкімдігі әріптестік туралы Меморандумға қол қойды.
СНХ: СНХ: ШИЯН ШИЯ СОНК, "BEIJING RUIHEYUAN CONSTRUCTION ENGINEERING CO.LTD" КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Біз Аршалы ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды жағу зауыттарының құрылысын жүргіземіз. Осылайша, электр энергиясын және жылу өндіреміз. Жоба құны - 70 миллион АҚШ доллары. 150-ден 300-ге дейін жұмыс орны ашылады. Құрылыс жақын арада басталады деп ойлаймын және 12 айдың ішінде аяқталады.
КСМ: «AQMOLA INVEST» орталығының қызметі өңірдегі инвестициялық белсенділікті айтарлықтай арттырады деп күтілуде. Жаңа жұмыс орындарын ашуға және облыс бюджетін толықтыруға, тұрақты экономикалық өсімді сақтауға мүмкіндік береді.