ЖҮРГІЗУШІ: Ақмола облысында жазғы лагерьде демалып жүрген он бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазір олардың жағдайы тұрақты. Барлығы емдеу мекемесінде ем алып жатыр.

КСМ: Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар Бурабай курорттық аймағындағы «Эдельвейс Вorovoe» лагеріне осыдан бір апта бұрын Павлодар қаласынан келген. Шамамен бес-алты күннен кейін өздерін жайсыз сезіне бастаған. Көбінің дене қызуы көтеріліп, басы ауырған. Оларға бірден медициналық көмек көрсетілді.

СНХ: ЕРЖАН РЫСМАҒАНБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Облыстық балалар ауруханасына келіп түскен он баланы инфекционист пен отоларинголог мамандары тексерді. Барлық қажетті талдаулар алынды. Олар тонзиллиттен, бронхиттен, ларинготрахеит пен назафарингит диагноздары бойынша толық ем қабылдауда.

КСМ: Жедел жәрдем бөлімінде балаларды инфекционист, отоларинголог қарады. Сараптамаға сынамалар алынды. Екі баланың кеудесіне рентген жасалды. Үш балаға бұлшық ет антибиотиктері, қалғандарына ішу арқылы антибиотиктер, жұтқыншақты шаю емі тағайындалады. Айтуынша, алты балаға тонзиллит, екі балаға бронхит, бір балаға ларинготрахеит және тағы бір балаға назофарингит диагнозы қойылған.