ДИКТОР: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді». Бүгінде бұл сөздің қадірі одан бетер артып келеді. Мәжіліс пен Сенатта депутат, тіпті басшылық қызметте отырғандардың көпшілігі – нәзікжандылар. Осыған қарап қыз-келіншектер бәсекеге қабілетті екеніне көз жеткіземіз. Бүгін Көкшетауда осы тақырыпқа арналған жиын өтті.

РКС: Мемлекеттік қызметте болсын, өзге де маңызды салаларда болсын әйелдердің орны айрықша. Қаізргі уақытта өзіне сенімді және өз әлеуетін толыққанды іске асыру үшін көптеген нәзікжанды мемлекеттік органдарда қызмет атқаруда. Солардың бірі – Аққу Естай. Ол әйелдің мемлекеттік қызметтегі рөлі орасан зор дейді. Нәзікжанды әйел білек сыбана кіріскен істің аяқсыз қалуы да мүмкін емес деген пікірде.

СНХ: АҚҚУ ЕСТАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Мемлекеттік қызмет жайлы айтатын болсақ, ол ең біріншіден тұрақтылық. Өзінің әр түрлі өмірлік сұрақтарда өзінің біліміңді арттыру. Яғни, адамдар саған өзінің ұрақарымен жүгінгенде сен сол сұрақтарды шешу барысында өз біліміңді арттырасын. Сондай-ақ, әйелдердің мемлекеттік қызметтегі рөлді айтсақ, қазір әйелдер бұл салада үлкен рөл атқаруда. Олар тек орындаушы қызметте емес, басшы орындарда да кездесуде. Әйел азаматтар әрдайым бір мәселеген қатысты көзқарастары әртүрлі, сан қилы болып келеді.

РКС: Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің дені, яғни 65 проценті нәзікжандылар. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келеді. Ал басшы лауазымдағы әйелдердің саны 23 процентті құрайды. Жиын барысында заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар жайлы да баяндалды. Соның бірі - жас мамандарға қатысты.

СНХ: ДУМАН ӘБІЛЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Жастарға қазір үлкен мүмкіндіктер қарастырылған. Мәселен, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс аясында JPA көрсеткіші 3,33 пайыздан асса олар аудандық, ауылдық жерге конкурстан тыс тағайындала алады. Әйелдерге де мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен тиісті жеңілдіктер мен тиімді жұмыс уақытын пайдалану бойынша мүмкіндіктер жасалған. Мемлекеттік қызметшлердің басым көпшілігі әйелдер. Жылдан жылға жастар мен әйелдердің үлесі артып келе жатыр.

РКС: Осы норма заңды күшіне енгеннен бері облыста 15 жас маман түрлі лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалды. Бір қызығы, бұл жас мамандардың барлығы нәзікжанды.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ