ДИКТОР: Көкшетау қаласындағы Гагарин көшесінің бойымен күні-түні көлік ағылып жатады. Қайнаған тіршілік. Өйткені, бөлшек, көтерме саудамен айналысатындар осы жолдың бойымен базарға ағылады. Бірақ, жаяу жүргінші түгілі, көлікпен жүрудің өзі қиямет. Жол шұрық-шұрық, жауын-шашын болса, көше көлге айналады. Жол қашан жөнделеді? Біздің төлеп жатқан салығымыз қайда кетіп жатыр? Тұрғындардың сауалы көп. Жауап жоқ. Мәселенің мән-жайын тілшіміз анықтады.

РКС: 2020 жылы қалалық құрылыс бөлімі Павлодардың мердігер ұйымымен келісім-шарт жасасқан. Жұмысты орындауға жауаптылар 4 жыл бойы кәріз жүйесі коллекторын және арнайы нөсерлік ағындылар өтетін құбырды монждауды аяқтамаған. Сондықтан Гагарин көшесінің бойындағы жолды күрделі жөндеуге қолбайлау болуда. Қазіргі уақытқа дейін мердігерлер 600 миллион теңгені игерген. Ал қалған соманы қалалық қазынадан бөлу әзірге мүмкін болмай отыр,-дейді құрылыс бөліміндегілер.

СНХ: БЕРІК САЙДАЛИН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Бәрі қаржыға келіп тіреледі. Ақша жоқ. Мердігер ұйым ол жұмысты өз қаржысына істеуі керек. Мұндай ұғым бар. Құрылыс компаниясы кез келген жұмысқа кірісер кезде түрлі жағдайға дайын болуы шарт. Нысанды созбақтамай, уақытылы тапсыру үшін, кей сәттерде өз қаржысын жұмсауына тура келетінін ескерген жөн.

РКС: Біржан сал көшесінен Бауыржан Момышұлы көшесіне дейін кәріз жүйесін қалау және монтаждау жұмысы жүргізілмеген. Соның салдарынан жауын-шашын кезінде осы аумақтар үлкен көлшікке айналады. Жаяу жүргінші түгілі, көлікпен жүріп өтудің өзі азап.

БЛИЦ:

– Не очень. Проехать невозможно, там вообще тротуара нет. Заканчивается тротуар и когда особенно дождь, невозможно пройти. Машины не останавливаются на тротуаре. Дорога никакая в общем.

- Я прохожу по этой дороге почти каждый день, на базар, на озеро. Так как недалеко живу. По делам, когда иду, очень неудобно здесь, машины проезжают, дорога не очень. Постоянно грязь, это мешает передвигаться спокойно.

- Вот, канава, там яма по колено, так вот ночью кто-то будет ехать, все считай конец машине. И поддон вырвет и все на свете.

РКС: Жобаны жүзеге асыру үшін 764 миллион теңге қаржы бөлінген. Жұмыс қыркүйек айында аяқталуы тиіс,-деп атап өтті құрылыс бөлімінің басшылығы.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ