ДИКТОР: Есірткіге жол жоқ! Осы тақырыпта дөңгелек үстел басындағы жиын өтті. Оның барысында жастарға нашақорлықтың зияны мен салдары туралы баяндалды. Естен айыратын есірткі заттарынан аулақ жүру қажеттігі түсіндірілді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Есірткі адамның денсаулығына ғана емес, оның болашағына балта шабады. Нашақордың көзін шел басып, жүрегін тат басады. Шарада қысқа метражды арнайы фильм көрсетілді. Онда қылмыскерлердің қитұрқы әрекеттері, адамды адастыратын жолдан алыс болу қажеттігі туралы баяндалады. Өз кезектерінде «Зерделі ұрпақ» жастар клубының мүшелері театрландырылған қойылым дайындапты. Олар осылайша бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, мықты әрі есірткісіз Қазақстанды қолдайтындықтарын білдіруде. Себебі, дені сау ұрпақ қана еліміздің дамуына өз үлесін қоса алады.

СНХ: ЖАНСАЯ БАЛТАШ, «ЗЕРДЕЛІ ҰРПАҚ» ЖАСТАР КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ: Біз осындай көріністерді қою арқылы жастарды темекі шегі, нашақорлыққа ілігу, ішімдекке салыну сияқты адам денсаулығына зиянды қылықтардан аулақ болуға шақырамыз. Мұндай көріністер арқылы болашағымызға жарқын, ашық жолдар жолдай аламыз.

РКС: Жиынға шақырылған спикерлер жастарды осы дерттен алыстату мәселесі туралы өз ойларымен бөлісті.

СНХ: ЕРЛАН НАУРЫЗБАЕВ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЗАҢ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ: Мен ғылыми жұмысында осы психотропты заттар мен есірткі заттары бойынша дисертация жазып жатырмын. Мұның ішінде бір бөлім жастарға арналады. Себебі, қазір жастар әуес көп нәрсеге. Бұрын табиғи есірткінің түрі болса, шөптектес деген сияқты. Қазіргі кезде психотропты заттардың пайда болуы, бұл уақытша көңіл көтеремін, аяқ астынан жақсы ортаға кіремін. Маргиналды топтар дейміз ғой, ол бір облыстан екінші облысқа көшіп келген кезде жастар аяқ астынан жұмыс тауып алып, оның арқасында тез көтеріліп кетемін деген оймен осының шырмауығына кіріп кетіп жатады.

РКС: Статистика бойынша жыл сайын есірткі тасымалдап, жеңіл жолмен ақша табамын дейтін жастардың саны азаймай тұр, - дейді мамандар. Жыл басынан бері осындай жолға түскен 2 жасөспірім ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ