ДИКТОР: Облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері үшін екікүндік семинар ұйымдастырылып отыр. Бағдарлама қалалар мен аудандардағы мектеп оқушыларымен, студенттермен, жұмыс істейтін жастармен өзара әрекеттесуге, тәжірибе алмасуға, жаңа білім мен дағдыларды игеруге бағытталған.

РКС: Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері жастармен қарым-қатынас жасауда кәсіби маман болуы қажет. Олар студенттер мен оқушыларды қоғам өміріне белсенді атсалысуға шақыра алуы тиіс. Жастарға жеке тұлға ретінде дамуға, жан-жақты, құқықтық, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсете алуы керек. Екі күндік тренингте маман Нұрлыбай Наурызбаев ашық, мамандандырылған, цифрлық және көшедегі жұмыстарды қалай жүргізу керектігімен бөлісті.

СНХ: НҰРЛЫБАЙ НАУРЫЗБАЕВ, «SAMGAU FOUNDATION» ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Көше жастар ісі дегеніміз, жастар мысалы алаңдарда немесе көшеде тағы да басқа жерлерде, сауда үйлерінде жиналып орналасуы мүмкін. Мұндағы негізгі мақсат, барлық жас адам күнделікті таңертеңнен кешке дейін қайда бару керек екенін біле бермейді. Оларға ақпарат жетпеуі мүмкін. Тек қана мемлекеттік емес. Қарапайым қайда оқуға түсуге болады, қайда жұмысқа тұруға болады, ол туралы ақпаратты қайдан алуға болады. Мемлекеттік кәсіпкерлікті бастау үшін субсидия, гранттар тағы басқалар. Соның барлығын қайдан алуға болатынын білмеуі мүмкін. Сондықтан осындай жастар үшін көше әдісі деген бар.

РКС: Жыл сайын жастар орталығының қызметкерлері тренингтер, семинарлар, форумдар мен кездесулер өткізу арқылы тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттыруда.

СНХ: ДАСТАН ЕРМЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біздің оқулар облыстық ресурстық орталығының басшылары биыл Алматыда жиналған болсақ, алдыңғы жылдары Астана немесе Қарағанды қалаларында жиналған болатын. Алматыда жиналғанда біздің әр өзіміздің региондағы кейстарды жұмысшы жастары, оқу жастары, студенттер, мектеп оқушыларымен жұмыс жасаймыз. Солар арасында жасалып жатқан жобаларды кейстар арқылы өткізіліп, қалай жұмыс жасаймыз, соның барлығымен бөліскен болатынбыз.

 РКС: Тренингтің алғашқы күні оған қатысушылар үшін жалпылама таныстыру кезеңі болды. Оқудың соңында мамандар жаттықтырушының бақылауында бір-бірімен тимбилдингтер өткізбек. Іс-шараға 40 жастар қызметкері қатысып жатыр.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ