ДИКТОР: Еліміз бойынша репродуктивті денсаулық апталығы басталды. Осыған орай қалалық емханада Ашық есік күні өтті. Жүктілікті жоспарлау, контрацепция әдістері және өзге де репродуктивті денсаулыққа қатысты өзекті мәселелер бойынша сала мамандары келушілерге кеңес берді.

РКС: Репродуктивті денсаулық апталығының аясында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының барлығында Ашық есік күні өтті. Онда білікті мамандар отбасын жоспарлау, адам папилломасының вирустары және ерте жастағы жүктіліктің алдын алу туралы ақпарат берді.

СНХ: ЖҰЛДЫЗ ӘЛПІЛӘМ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Апталық аясында облыс және қалалық емхана бойынша жүзеге асырылатын жұмыстардың жоспары құрылғын. Бұл тек қалалық емханаға тіркелген әйелдер үшін ғана емес, сондай-ақ қызығушылық танытқан әрбір жанға қажетті ақпаратты беруге әзірміз. Ең басты тақырыптардың бірі репродуктивті денсаулықты сақтау және салауатты отбасын құру.

РКС: Жастармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор екенін де баса айтқан жөн. Сондықтан, медицина мекемесінің қызметкерлері оқу орындарында да арнайы дәрістер оқиды.

СНХ: САМАЛ ИЗАХМЕТОВА, АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ ДӘРІГЕР: 5-ші және 7-ші сынып оқушыларының арасында арнайы тақырыптарды қозғасақ, одан жоғары буындарда жыныстық қатынас мәселесі тереңдетіле түсіндіріледі. 9-сыныптан бастап ересек балалар үшін біз репродуктивті денсаулықты сақтау жөнінде әңгімелесеміз.

РКС: Сала мамандары жыл сайын профилактикалық тексерістен өтуге кеңес береді. Қандай да бір аурулардың клиникалық белгілері пайда болған кезде өз бетінше емделмей, дәрігердің көмегіне жүгінуі қажет. Денсаулық-зор байлық!

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ