ДИКТОР: Зеренді ауданында жолдарды жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. «Көкшетау-Рузаевка» тас жолының учаскелерінде бірнеше жоба аяқталуға жақын. «Көкшетау-Атбасар» жолынан ауданның елдімекендеріне дейінгі жолдардың орташа жөндеу жұмыстары басталды. Атап айтқанда, Шағалалы ауылына кіреберістің жолы жаңартылуда

РКС: Зеренді ауданының автокөлік жолдарының ұзындығы 1 мың шақырымнан асады. Оның жартысынан көбі аудандық маңызы бар жолдар. Садовое ауылдық округінде ұзындығы 1,2 шақырым учаскеге орташа жөндеу жұмыстары басталды.

СНХ: ҒАБИТ БАЛТАБАЕВ, САДОВОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Биыл республикалық бюджет қаражаты есебінен округте Садовое ауылына кіреберіс жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жолдың осы учаскесін 2017 жылы су тасқыны кезінде қирап қалған еді. Сондықтан оны қайтадан қалыпқа келтіру керек болды. Бүгінгі таңда жұмыстың 80 проценті аяқталды. Бір апта ішінде су өткізгіш құбырларын өткізіп, жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз.

РКС: Көктемгі су тасқыны кезеңі еріген қар суын өткізуге арналған арнайы құбырларды уақытылы ауыстыру қажет екенін көрсетті. Жолдарды жөнддеуді Зеренді ауданында тіркелген жергілікті компания жүзеге асырып жатыр.

СНХ: АРМАН ӘМРИН, ЖОБАНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: Қазіргі уақытта асфальтбетонның 2 қабаты төселді. Жолдан 170 метр қашықтықта су өткізгіш құбырды орнатуға қатысты жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Тігістерді бекіту жұмыстары жүзеге асырылуда. Содан соң құбырдың үсті қайта жабылады. Жоба екі жылдық. Бірақ, біз "КөкшетауАвтоДор" серіктестігі мердігерміз. Барлық жұмысты 1 тамызға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.

РКС: Мердігердің айтуынша, су өткізгіш құбырларды орнату жұмыстары бір апта ішінде аяқталады. Әрі қарай жол жиектерін нығайту, жол айырықтарын салу, арнайы белгілерді орнату жұмыстары жүргізіледі.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ