ДИКТОР: Өңірде алғашқы ірімшік пісіру цехы осыдан 2 жыл бұрын ашылғанымен, бастапқыда біршама қиындықтарға тап болған. Уақыт өте келе нарықты меңгеріп, қазір ірімшіктің 20-дан астам түрін шығаруда. Италияндық ірімшіктің дайындау әдісін үйренген қала тұрғыны Әйгерім Мұқашева алдағы уақытта кәсібін үлкейтсем деген ниетте.

РКС: Сүттен жасалатын тағамдар кез келген дастарқанның сәнін келтіретіні сөзсіз. Бұл сусыннан айран, қатық, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты ішетін, жейтін, сусындайтын алуан түрлі тағам әзірленеді. Қазір сүт өнімдерінің түрі одан да көп. Дүкен сөрелерінде ірімшіктің түр-түрін кездестіруге болады. Әлемге кеңінен таралған ірімшіктердің 20-дан астам түрін көкшетаулық жас кәсіпкер өңір тұрғындарын қамтамасыз етіп отыр.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ӘЙГЕРІМ МҰҚАШЕВА, КӘСІПКЕР: Біз қазір міне италияндық сыр буратто деген сыр дайындаймыз. Бураттоның сырты мына қапшығы жұқа болуы керек. Не ғұрлым жұқа болса соншалық ол техналогияға сай болады. Біз күнделікті былтыр 100 литр сүт өңдейтінбіз. 100 литр сүттен 10 киллограмм сыр өндіретінбіз. Оны тек қана инстограмм арқылы сататынбыз. Биыл бізге сауда орны беріліп күніне мысалы 20 кг сыр сату мүмкіндігі пайда болды.

РКС: Кәсіпкер бұл іспен айналысу үшін үлкен цехтың қажеті жоқ. Үйде отырып та жасай беруге болады,-дейді. Алғашында өзінің жасаған өнімдерін әлеуметтік желіде жариялап, сатуды бастаған.

СНХ: ӘЙГЕРІМ МҰҚАШЕВА, КӘСІПКЕР: Инстаграмм парақшасын аштым. Балаларға қандай тамақ пісіріп жатқанымды сала бастадым. Мысалы қалай айран пісіру керек, пиццаға сыр, салатқа фетаны қалай дайындағанымды барлығын. Содан кейін өзім сияқты аналар қызығушылық таныта бастады. Содан кейін мен авторлық мастер класстар өткізе бастадым. Қазір 15-тен астам шәкіртім бар.

РКС: Бүгінде шағын ғана бөлмеде ірімшік пісіруді енді ғана бастаған кәсіпкер қаланың ірі сауда орындары мен мейрамханаларын экологиялық таза өніммен қамтып отыр. Болашақта білімін ұштап, кәсібін кеңейтуді көздейді.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ