ДИКТОР: Көкшетауда соңғы жылдары көпқабатты тұрғын үйлер көптеп салынуда. Көшелер мен аула аумақтарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жарықпен қамтамасыз етілуде. Сондай-ақ, балалар мен спорт алаңдары салынып жатыр. Десе де, сапалы ауыз су проблемасы әлі де өзекті. Қала әкімі Бауыржан Ғайса брифинг барысында бұл мәселеге тоқталып өтті.

РКС: Қазір көпқабатты 23 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның 14-і биыл, қалған 9-ы келесі жылы қолданысқа берілмек. Бүгінгі таңда 80 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілді.

СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға қаражат бөлінгенін айта кеткен жөн. Ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін 129 пәтер сатып алу жоспарлануда.

РКС: Былтыр қаладағы су құбырын тазарту құрылыстарын жаңарту жұмысы басталған еді. Биыл жаңа су тазарту станциясын іске қосу жоспарланған. Тіршілік нәрінің сапасын жақсарту үшін ескі құрылым қалпына келтірілді. Сондай-ақ, шаһар аумағын жарықтандыру мақсатында 900-ден астам шам орнатылмақ. Жоба құны 239 млн. теңге. Жұмыс шілде айында баталады деп жоспарланып отыр.

СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Абай-Ғабдуллин-Әуелбеков-Назарбаев шекараларындағы аула аумақтарын күрделі жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Жоба сараптамада, шілде айында шығады деп күтілуде. Сондай–ақ Темірбеков – Әуезов – Абай - Кенесары көшелерінің шекараларында аула аумақтарын және «Саин-Мәметов-Уәлиханов көшелерінің шегінде аула аумақтарын күрделі жөндеу бойынша жобалық сметалық құжаттар жасалды. Өткен жылы Красный Яр ауылында саябақ салу жұмыстары басталған болатын. Жер жұмыстары аяқталып, көше жарығы орнатылды. Жұмыстар әрі-қарай жалғасады.

РКС: Биыл Көкшетауда 7 спорт алаңы құрылмақ. Сонымен бірге Карсный Яр ауылында балаларға арналған 6 ойын алаңын салу жоспарланып отыр.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ КАИРКЕНОВ, КОКШЕ АКПАРАТ