ДИКТОР: "Парус" сауықтыру демалыс орталығының жұмыс істеп келе жатқанына жарты ғасыр. Соңғы бірнеше жылда мұнда Ақмола облысы мен еліміздің басқа өңірінің балалары жазғы демалысын өткізуде. Лагерьдің аумағы кеңейтіліп, ұл-қыздар үшін барынша қауіпсіз жағдай жасалып жатыр.

РКС: "Парустың" балалар лагері ретіндегі жұмысына 2 жылдай ғана уақыт. Алғаш рет биылғы ауысымға 300-ден астам бала келді. 8 бен 15 жасқа дейінгі оқушылар бос уақытын тәлімгерлердің бақылауымен өткізеді. Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі басты назарда.

СНХ: ОМАР БЕКИН, ОБЛЫСТЫҚ "ДУМАН" ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАСАҒЫНЫҢ АҒА ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: Бізге әртүрлі қалалардан, облыстардан, аудандардан Көкшетау қаласына балалар келеді. Тәлімгерлеріміз барлық балаларды қарсы алып, арнайы автобустармен, міндетті түрде ГАИ қызметкерлерімен осы жаққа әкеледі. Алдымен балаларды мед.пунктқа әкеледі, денсаулығын тексереді. Кейін өз бөлмелеріне жайғастырады. Бірінші күн балаларға біздің лагерьлік ережелерді түсіндіреміз. Кейін бағдарлама кете береді.

РКС: Лагерь аумағында 50-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Сауықтыру нысанындағы құрылыс жұмыстары аяқталған соң, камералар санын арттыру көзделіп отыр. Ғимаратта 2 бассейн, коворкинг орталығы, спорт залы және сауна болады. Биыл балалар демалысына ерекше назар аударылып отыр. Ондағы жағдайды санитарлық-эпидемиологиялық станция, төтенше жағдайлар мен басқа да ведомство өкілдері қадағалайды. Арнайы тексеру жұмыстары жүргізіледі.

СНХ: ҚАЙРАТ СҰЛТАНОВ, ҚР БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Биыл талаптар күшейтілді. Бір жағынан бұл дұрыс деп есептеймін. Ата-аналардың уайымдауына еш негіз жоқ. Былтыр орын алған кей мәселелер биыл шешілді. Лагерлерге санитарлық-эпидемиологиялық станцияның қорытындысы керек. Маусым айының ортасы болып қалды. Бір ауысым өтті. 16 лагерьдің тек 5-і ғана жұмыс істеп тұр.

РКС: Нормаға сәйкес бір балаға арналған жатын бөлменің аумағы кемінде 4 шаршы метр болуы керек. Қазір лагерь аумағында 345 бала тұра алады. Биыл жаңа кереуеттер, шкафтар, ыдыс-аяқтар сатып алынды. Айта кету керек, жазғы маусымда «Паруста» 2 мыңнан астам бала демалмақ.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ