15 үйдің құрылысы басталды

ДИКТОР: Бұланды ауданына қарасты Капитоновка ауылында тасқын судан зардап шеккен тұрғындар үшін жаңа үйлердің құрылысы басталды. Жаңа қонысқа жарық, су, газ желілері де тартылуда. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, құрылыс жұмыстары алдағы екі айда аяқталады. Толығырақ әріптесім Ұмсындық Наурызбаева баяндайды.

ШУМ:

РКС: Сайран Түлібаевтың жалғыз баспанасы осыдан бірер ай бұрын апатты деп танылған. Содан бері зейнеткерде тыным жоқ. Қабырғасы жарылып, қираған үйіне жиі барады. Қария күндіз-түні күл-қоқыс шығарып, тасқыннан бүлінген дүние-мүлкін кептіріп әлек.

СНХ: САЙРАН ТҮЛІБАЕВ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Міне, бәрі, опырылып жатыр.Істеп жатырмыз бәрін. Бәрі құлап жатыр. Тақтайшаларын алып тастағанбыз. Кептіріп жатырмыз. Жаңа үй салғанына қуаныштымыз. Күнде барып, қарап тұрамыз. Енді жігіттер жақсы істеп жатыр екен. Техникалар барлығы тоқтамайды.

РКС: Капитоновка ауылында 300-ден астам үй бар. Халқы мыңға жуықтайды. Тосыннан келген қарғын су елді мекендегі 30-ға жуық баспананы жайпап кеткен еді. Қазір тең жартысы тұруға жарамсыз.

STAND-UP:ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА ТІЛШІ: Қатты екпінмен келген қарғын су өзенге жақын орналасқан мына үйлердің сау тамтығын қалдырмаған. Көбінің іргетасы отырып, қабырғасы жарылыпты. Тек осы көшенің өзінде 10-нан астам үй тұруға жарамсыз деп танылған. Сондықтан жаңа үйлер ауылдың қақ ортасында салынып жатыр.

ШУМ:

РКС: Ауыл орталығынан бой көтерген 15 үйдің құрылысы бір апта бұрын басталды. Құрылысшылар тынымсыз екі ауысыммен жұмыс істеуде. Бірер күнде баспаналардың қабырғасын көтереді. Жұмыс күші де, материал да жеткілікті.

СНХ:ДӘУЛЕТ ЖАКИН ҚҰРЫЛЫСШЫ: Таңертең бастаймыз 6-дан сағат 9-ға дейін. Жалпы материалдар жақсы. Качественный. Әкеліп жатыр. Бәрі жақсы. Тоқтап жатқан жоқ. Жұмыс жүріп жатыр.

РКС: 3 бөлмелі баспананың жалпы ауданы 89 шаршы метр. Жер учаскесі -8 сотық.

СНХ: ТЕМІРБОЛАТ АНДАРОВ ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Кухня болады. Зал, екі спальный бәрі. Все болады. Отопление центральное. Сондай пеш те қоямыз. Свет бәрін проводим. Үй әдемі болады. Жақсы үй болады. Осындай ауылда ондай үйлер жоқ.

РКС: Жалпы Бұланды ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 100-ден астам үй салынады. Қазір жұмыс кестесі құрылып, мердігерлер анықталды. Құрылыс жұмыстары алдағы екі айда аяқталуы тиіс.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ