ДИКТОР: Қосшы қаласының аумағы біртіндеп кеңейіп, инфрақұрылымы дамып келеді. Былтыр бірнеше жаңа мектеп пен №1-ші қалалық емхана пайдалануға берілді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Сондай-ақ, өткен жылы қалаға 42 млрд. теңге инвестиция тартылған. Биыл жаңа нысандардың құрылысы жалғасады. Десе де, жолдарға қатысты бірқатар мәселе бар.

РКС: Осыдан 3 жыл бұрын Қосшы қала мәртебесін алған. Осы уақыт ішінде тұрғындардың бірқатар мәселесі шешімін тапты. Сонымен қатар, оқышулар орындарының тапшылығы жойылды. Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында шаһарда 2 мектеп, Тайтөбе ауылында 1200 орындық бір білім беру мекемесінің құрылысы басталмақ.

СНХ: ҒАЙДАР ҚАСЕНОВ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: 2021 жылы Қосшыда 1-ші «Ы» сыныбы туралы ақпарат тараған еді. Ол кезде жағдай қиын болған. 1200 орындық мектепте 5 мың бала оқыды. Былтыр бірден 2 мектеп ашылып, мәселе шешімін тапты. 3 жыл ішінде 3 мектеп аштық. Қазір мектептерде орын тапшылығы жоқ.

РКС: Былтыр Қосшы қаласында 35 шақырым жол салынды. Қазір «Лесная поляна» тұрғын алабындағы ескі жабындыларды жөндеу жұмыстары басталды. Қосшы қаласының әкімі атап өткеніндей, 19-20 шағын аудандардың жол мәселесі жиі көтеріледі. Осы проблеманы шешу үшін жол құрылысы бойынша арнайы жобалар құрылып жатыр. Алайда, бәріне қаржы жетіспейді.

СНХ: ҒАЙДАР ҚАСЕНОВ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Биыл жол желісінің құрылысына 800 млн. теңге бөлінді. Бұл, әрине, қала үшін өт аз. Қаладағы жолдың ұзындығы 225 км. Өткен жылғы қаржыландырумен салыстырғанда, былтыр 4,7 млрд. теңге бөлінген. оған қоса, халық саны өсіп келеді. Мұндағцы мәселе қаржыландыру.

РКС: Айта кетейік, былтыр Қосшы қаласында 13 ойын алаңы орнатылған. Биыл "Alan" спорттық-сауықтыру кешені жұмысын бастады. Тайтөбе ауылында мәдениет үйі ашылды. Сонымен қатар, қала іші абаттандырылып жатыр.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ