ДИКТОР: Көкшетауда күндізгі этнолагерь ашылды. Мұнда балалардың жазғы демалысын жандандыру үшін ағаш, былғары және металлдан ұлттық бұйымдар жасауды үйрететін шеберлік сағаттары ұйымдастырылады. Оқушылар қазақтың көрнекті тұлғаларының тарихымен танысады. Сондай-ақ, ипподромға барып, ұлттық ойындарды тамашалайды.
РКС: Шеберлік сағаттары туристік бағыттар бойынша да өтеді. Онда ұл-қыздар компаспен жұмыс істеуді үйренеді. Үлкендердің бақылауымен табиғат аясына сапарға шығады. Қорытынды кезеңде қазақтың ұлттық тағамдарын дайындайды.
СНХ: МАРАЛ ӘЛЖАПАРОВА, "ӘУЛЕТ" МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖҰМЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Көкшетау қаласы білім бөлімінің бастамасымен «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы «Алаш» саябағының аумағында күндізгі лагерь ұйымдастыруда. Мұнда 3 лагерь болады. Атап айтсақ, «Дана бала» этнолагері, «Арлан» әскери-патриоттық және каратэ лагері. Ауысымдар маусымның 10-ы мен шілденің 19-ы аралығында өтеді.
РКС: Әр ауысым дүйсенбі басталып, жұма күні аяқталады. Яғни, алғашқы екі ауысым «Дана бала» этнолагеріне арналса, кейінгі екі ауысымы әскери-патриоттық бағытта өтеді. Соңғы екі апта каратэге арналады. Әрқайсысында 40 баладан демалмақ.
СНХ: ОРАЛБЕК ҚАЙСАНОВ, «ТАЗЫ-ТӨБЕТ-БӨРІБАСАР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Алдағы уақытта Красный Яр селолық ипподромында ат спорт, қазақ күресі спорт түрлерінен, асық ату, садақ ату, жанбату деген спорт түрлері бар содан көрініс көрсетеміз. Насихаттау мәселесінде иттерді көрсетеміз.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: МАНСҰР НҰРМҰХАН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Менің ойымша осындай этнолагерлерь керек. Себебі, еліміздің рухани құндылықтарымызды көрсетті. Оның ішінде 7 қазына, ұлттық ойындар және басқалары. Бұл келешек ұрпаққа дамытқыш ретінде болады деген ойдамын.
РКС: Лагердегі киіз үйлердің ішінде балалар үшін сағат 10-нан кешкі 17:00-ге дейін шеберлік сағаттары өткізіледі. Сондай-ақ, оқушылар тамақпен қамтылады. Оларды «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы мен басқа да білім беру мекемелерінің мұғалімдері қадағалайды.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ