ДИКТОР: Берекелі әрі бақытты отбасы - қуатты елдің тірегі. Мемлекет басшысы отбасының құндылығын кеңінен насихаттау қажеттігін ұдайы айтып келеді. Осыған орай былтырдан бастап маусымның үшінші жексенбісі «Әкелер күні» күнтізбеде атаулы күн ретінде белгіленді. Өңірде мереке қарсаңында бірнеше іс-шара ұйымдастырылды. Соның бірі «Жапырағын жайған бәйтерек» атты танымдық кеш.

РКС: Танымдық шараға зиялы қауым өкілдері жиналды. Олар бала тәрбиесіндегі әкенің ролі мен маңызы және міндеті туралы пікір алмасты.

СНХ: ЕРЛАН ЗӘКІРИЯНОВ, ОБЛЫСТЫҚ «ӘКЕЛЕР ОДАҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Әкенің институтын жоғары белсенді көрсету. Қазіргі уақытта әкелер клубтары ашылып жатыр. Жоғарғы оқу орындарында әкелер кеңестері бар. Енді біздің ең басты мақсатымыз толық жанұя болу. Сол жерде ата-ананың үлесі зор. Әкенің ролі де, жауапкершілігі де маңызды болуға тиісті.

РКС: Статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстан ажырасу бойынша өзге елдерден асып түскен. Отбасын сақтап қалу және ажырасу мәселесін жіті зерттеу мақсатында елімізде «Отбасылық сот» жобасы іске қосылды. Оның міндеті отбасылық жанжалдардың себебін анықтау, отбасы құқықтары мен мүдделерін, соның ішінде кәмелетке жасы толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету. Сондай-ақ, алимент өндіру шараларын қадағалау. Себебі, бүгінде алименттен бас тартып жүрген әкелер көбейіп кеткен.

СНХ: МАҚСАТ АҚЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: Қолданыстағы заң бойынша борышкерлер 2 бап бойынша жауапкершілікке тартылады. 5 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Екінші қылмыстық кодексінің 139 бабы бойынша 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады. Немесе 2 жыл бас бостандығынан айырылады.

РКС: «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі жыл басынан бері республика көлемінде 7 форум өткізді. Онда көтерілген мәселелердің шешімін табу жолында ел аумағында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ