ДИКТОР: Өңірде дәрігер тапшылығы мәселесі өткір тұр. Бүгінгі күні бас ауырып, балтыр сыздағанда жаныңнан табылатын 200-ге жуық жан жетіспейді. Кадр жетіспеушілігіне қарамастан ақмолалық мамандар аянбай тер төгуде. Облыстық көпбейінді ауруханасының хирургия бөлімшесінде болып, дәрігердің жұмысымен танысып қайтқан Самал Ысқақова жалғастырсын.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Бауыржан Ахметов өз сөзінің науқасқа демеу болатынын жақсы біледі. Сондықтан, ол жуырда ота жасатқан нәзікжандыға қолдау көрсетіп, қал-жағдайын үздіксіз тексеріп жатыр. Бауыржан Сұрашұлы - облыстық көпбейінді ауруханасында хирург дәрігер болып қызмет атқарады. Еңбек өтілі 40 жыл. Дәрігер болуды бала кезімнен армандасам да, хирургия саласы жаныма жақын екенін кеш түсіндім, - дейді.
СНХ: БАУЫРЖАН АХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ ХИРУРГ-ДӘРІГЕРІ: 1977 жылы әскери міндетімді өтеп келгеннен кейін Целиноград медицина институтына дайындау курстарына түсіп, қабылдындым. 6 жыл білім алып, тәжірибе жинап, жаплы дәрігерлік мамандығы бойынша институтты бітіріп, Көкшетау қаласындағы облыстық ауруханасына интерн болып келдім. Сонда хирургия бөлмесіне түстім. Содан бері, 84-ші жылдан бастап қазіргі көпбейінді облыстық ауруханасының хирургия бөлімінің құрамында еңбек етіп жатырмын. Кезінде осы бөлімшенің меңгерушісі болдым. 11 жылдай. Енді зейнет жасқа келгеннен кейін ол міндеттен бас тартып, осы бөлімшеде хирург болып жұмыс істеп жатырмын.
РКС: Жұмыс, әрине, оңай емес. Әрбір жасалатын операция күрделі деп есептеуге болады. Оның үстіне операция барысында күтпеген жағдайлар орын алуы мүмкін. Эмоционалды күйзеліске шалдықпау үшін осы сала мамандары психологиялық тұрғыда мықты болуы керек, хирургқа үлкен жауапкершілік жүктелген, - дейді ақ халатты.
СНХ: БАУЫРЖАН АХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ ХИРУРГ-ДӘРІГЕРІ: Хирургия мамандығы өте ауыр мамандықтардың бірі деп есептеймін. Менің ойымша психологиялық көмек қолдау дәрігердің өзіне де керек. Әркім әртүрлі күреседі. Өз басым жұмысымнан ляззат аламын. Оның результатын көргенде психологиялық жағынан көмек аламын. Екіншіден, отбасыммен байланысты. Жолдасым да дәрігер. Екеуміз бір бірімізді қолдаймыз. Балалар, немерелер бар. Ол да нағыз психологиялық қолдау.
РКС: Бауыржан Ахметов хирург маманы өмір бойы оқып, күні-түні жұмыс істеу керектігін де атап өтті. Қиындығы мен жауапкершілігі мол сала болса да, өз ісінен ляззат алатын жан. Айта кетейік, облыстық көпбейінді ауруханасында 1,5 мыңға жуық адам жұмыс істейді. 11 маман жетіспейді.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ