ДИКТОР: Көкшетауда кёкушинкай каратэден «Көкше батыры» республикалық турнирі өтті. Бәсі биік бәсекеде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 700 спортшы өзара мықтыны анықтады. Дода 3 кезеңнен тұрды.

РКС: Турнирге Астана, Алматы қалалары мен Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облысының спортшылары қатысты.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: РУСЛАН НҰРҒАЛИЕВ, «БҮКІЛҚАЗАҚСТАНДЫҚ КЕКУШИНКАЙ КАРАТЭ ҰЙЫМЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ АҚМОЛА ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Көкше Батыры" республикалық турнирін екінші рет өткізіп жатырмыз. 8 жастан бастап спортшылар қатысуда. Турнирді дәстүрлі қылу үшін жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз. Себебі, жыл сайын қатысуға ниетті балалардың саны артып келеді.

РКС: Спорттық атмосферада көрермендер спортшыларға қолдау көрсетіп отырды. Жанкүйерлер мен ата-аналар балаларының жетістіктеріне қуануда. Турнирде жақсы нәтиже көрсеткен спортшы Қазақстан құрамасына кіреді, - дейді ұйымдастырушылар.

СНХ: ДАМИР МУРЗАЛИН, БАПКЕР: 2 ай бойы кәсіби дайындық жұмыстары жүргізілді. Күнтізбелік жоспар тапсырамыз. Қазіргі уақытта 4 жастан зейнеткерлік жасқа жеткен жандар айналысады. Айына бір рет әр қалада турнирлер өткіземіз. Жекпе-жек бойынша жа сайыстар бар. Жуырда Қазақстан чемпионаты өткен, онда жалпыкомандалық 2-ші орынға ие болдық.

СНХ: ӘБІЛМАНСҰР ЕСЛӘМОВ, КАРАТЭШІ: Кекушинкай каратэмен айналысып жүргеніме 9 жыл болды. Қазақстан, Еуропа чемпионаттарына қатыстым. Түрлі жарыстарда, қалаларда болып, жүлдегерлер қатарында болдым. Бүгінгі жекпе-жекте 3-ші орынға ие болдым. Өзімді сәл жинақтай алмаған соң қиындау болды.

РКС: Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Солтүстік Қазақстан облысы еншілесе, Екінші жүлде Астана қаласының командасына бұйырды. Ал Алматы қаласының командасы қол жүлдегер атанды. Жүлдегерлерге медальдар мен сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылар спортшылардың жоғары дайындығын атап өтті. Жалпы, турнир каратэ спортын насихаттауға ғана емес, спортшылар мен жаттықтырушылар арасындағы достық байланыстарды нығайтуға да септігін тигізеді.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ