ДИКТОР: Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Мәдениет саласының үздігі Әбсалық Салықтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Әнім саған, туған ел!» атты шығармашылық кеші өтті. Концертке мерейтой иесінің өнерін биік бағалайтын жандар жиналды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Қазақтың дәстүрлі әншісі, біртуар азаматына бұл кеште ерекше сый-құрмет пен ілтипат көрсетілді. Салтанатты жиында халықтың сүйікті әншісіне айналған майталманды мерейтойымен құттықтап, елге сіңірген еңбегі жоғары бағаланды.

СНХ: АЙГҮЛ СӘБИТОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Дәстүрімізді, төл өнерімізді қанша жылдан бері халыққа насихаттап жүрсіз. Жаңғыртып жүрсіз. Сізгне алғысымыз шексіз. Әрқашанда шығармашылық табыс тілейміз. Осылай жарқырап, әдемсі болып жүре беріңіз. Сізді мақтан тұтамыз. Сіздің әндеріңіз әрқашан біздің жүрегімізде. Мереке құтты болсын ағайын.

РКС: Тыңдарман жүрегіне жол тауып, атадан қалған асыл мұраны ұрпақ жадына сіңіріп насихаттауда талмай еңбектеніп, өзіндік орындаушылық шеберлігімен ерекшеленетін Әбсалық Салықтың әріптестерінің арасындағы орны да өзгеше. Әнші кең тыныс, асқақ орындаушылықты талап ететін көптеген халық әндерін қайта түлеткен.

СНХ: БИСАРА МӘКЕНОВА, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ: Әбекеңмен 1981 жылдан бастап осы облыстық филармонияда жұмыс жасадық. Содан бері бірге келе жатырмыз. Оның әншілік өнері, адамилық тұлғасы бар әншілердің әншісі. Мықты диапазоны кең. Кезінде жас кезінде Ғарекеңнің керемет шырқады әндерін. Әсіресе «Нақ-нақ» әнін. Құбылтып айтатын. Арқаға келгеннен кейін Арқаның әндерін де жақсы меңгеріп, халықтың, елдің сүйіп тыңдайтын әншісіне айналды.

РКС: Мерейлі тойға тыңдарман болуға алыс-жақыннан Әбсалық ағаның дос-жарандары да келген. «Өрісті өнер иесі қашан көрсек те, қарапайым да сабырлы, биязы мінезді», - дейді жақын достары.

СНХ: ОРАЗ ЖҮЗБАЕВ, ӘБСАЛЫҚ САЛЫҚТЫҢ СЫНЫПТАСЫ: Жасымыздан бірге өстік кішкентаймыздан. Бірге оқып, бірге оқу бітірдік. Туғаннан келе жатқан досымын. Әбсалық жайлы көп айтуға болады. Ауылда бірге тұрдық. Ол өзі жасынан өлеңге, әнге, өнерге сондай құмар болатын. Елдің, достарының құрметіне ие бола бастады. Өзінің талантын көрсетті. Үлкен кешіне жиналып отырмыз. Ел құрметтеп, Көкшетау құрметтеп осындай кеш ұйымдастырып жатыр. Соған біз сонау Астанадан келдік.

РКС: Мерейтой иесі кештің алғашқы минутынан-ақ әнсүйер қауымды өзіне баурап алды. Ал, мың бұралған бишілер кеш сәнін аша түсті.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ