ДИКТОР: Облыстық жастар ресурстық орталығы өңірлік SMM-мамандары үшін екі күндік оқыту курсын өткізді. Интернетте және әлеуметтік желілерде жұмыс істеуге қатысты біліктіліктерін арттыруға қалалар мен аудандардан 40-қа жуық маман қатысты. Тренинг аясында дәрістер мен практикалық сабақтар өтті.

РКС: Облыстық жастар ресурстық орталығы филиалдарының SMM-мамандарына арналған арнайы оқыту курстары жыл сайын ұйымдастырылады. Бұл жолы тренингтерге осы салада жұмыс істейтін басқа да қызметкерлер қатысты. Оқыту үрдісі студенттер үшін де ашық болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Instagram немесе ТикТок сияқты әлеуметтік желілерді сауатты пайдалана алу заман талабы.

СНХ: ЛӘЗЗАТ СЫЗДЫҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Аудандардағы SMM-мамандардың біліктілігін арттыру және орталықтың қызмет сапасын жақсарту мақсатында осындай шараны ұйымдастрдық. Бүгінгі оқытушы да мықты. Қуаныш Мұқышев СММ-агенттігінің негізін қалаушы. Біз тренингте әлеуметтік желілерді жүргізудегі оңтайлы шешімдер мен жылдам монтаждауға арналған қосымшалар жайлы біліп жатырмыз.

РКС: Ербол Шайгенов оқыту курсына Бурабай ауданынан келген. Ол 3 жылдан бері жергілікті жастар ресурстық орталығында жұмыс істейді.

СНХ: ЕРБОЛ ШАЙГЕНОВ, БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Облыстық жастар ресурстық орталығының шақыртуымен келгенмін. Соларға үлкен алғыс білдіремін. SMM мамандарын арттыру қазіргі таңда Қазақстанда ең маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Біліктілікті арттыру әр адамға әрқашан тырысу керек. Сондай кеңес беремін жастарға. Жалпы, мемлекеттік органдармен, халықпен қарым-қатынасты қолдау үшін SMM бағыты көмектеседі.

РКС: Курс қатысушылары дәріс тыңдап болғаннан кейін сұрақ-жауап сессиясына көшті. Олар кейбір нақты міндеттер бойынша сауалдарына толық жауап алды. Сондай-ақ контент жасау және монтаждау техникасы бойынша тәжірибе сабақтары өтті. Тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ДАРХАН ДӘУЛЕТ, КӨКШЕ АҚПАРАТ