ДИКТОР: Сот шешімін орындау сот төрелігі тиімділігінің негізгі көрсеткіші. Сондықтан, соңғы кездері бұл мәселеге көп көңіл бөлінетін болған және нәтиже жаман емес. Айталық, былтыр талап-арыздарды қанағаттандыру бойынша 168 шешім шықса, оның 135-і немесе 80,4 проценті орындалған. Ал, осы жылдың 5 айында шыққан 16 шешімнің 26 процентке жуығы орындалған.
РКС: Соттың шешімімен келіспесе қос тарап та шағым түсіруге құқылы. Әсіресе, мемлекеттік органдар өз пайдасына шешілмеген істерді қайта қарауға жиі жібереді екен. Әкімшілік процессуалдық кодекс бойынша сот актісі кассациялық шағымнан кейін немесе, екі жақ сот шешімімен келіссе, бірден күшіне енеді. Тәжірибе көрсеткендей, сот әкімшілік талапты қабылдағаннан бастап сот шешімі күшіне енгенше, шамамен, 1 жыл кетеді.
СНХ: НАЙЛЯ НҰРАЛЫЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ ӘКІМШІЛІК ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Мәселен, жеткізуші қызметін атқарған акционерлік қоғам геологиялық барлау мекемесі өткізген байқау нәтижесін сотта қайта қарастыруды өтінді. Оның суммасы 112 миллион теңгеден астам болатын. Шағымданушы тараптың айтуынша жеңімпаз деп танылған серіктестік байқауды заңсыз жеңген. 2022 жылдың 30-қарашасында өтініш қанағаттандырылып, байқау қорытындысы туралы хаттама заңсыз ал, мемлекеттік сатып алу туралы келісім жарамсыз деп танылды
РКС: Кез келген жауапкер 1 ай ішінде сот шешімін орындап, ол жөнінде хабарлауы тиіс. Әйтпеен жағдайда оған айыппұл салынады. Айталық, биыл сот үкіміне бей-жай қараған 2 аудан әкімі мен 1 селолық округ әкіміне 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған.
СНХ: НАЙЛЯ НҰРАЛЫЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ ӘКІМШІЛІК ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Айыппұл көп дегенде 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде салынады. Егер айыппұл мөлшері максималды көрсеткіштен асатын болса, жауапкер Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 430-шы бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Осындай шалардың арқасында сотталушыға процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы сот бақылауы өз тиімділігін көрсетті.
РКС: Сот шешімі толығымен орындалмайынша жеке немесе заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтары қалпына келтірілді деуге болмайды. Соттың шығарған шешімдері мен талаптарын барлық мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары орындауға міндетті.
ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК КӨКШЕ АҚПАРАТ