ДИКТОР: Целиноград ауданында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 7 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның 2-нің құрылысы басталып кетті. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары барысында білім ошақтарының құрылыс барасымен танысып, жауапты сала мамандарына бірқатар тапсырмалар міндеттеді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Аймақ басшысы Марат Ахметжанов Талапкер ауылында құрылысы басталған қос мектептің бүгінгі барысымен танысты. Айта кетейік, бұл білім ошақтары "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында бой көтеруде. Екеуі де жыл соныңда қолданысқа берілуі тиіс. Құрылысқа жауапты мердігер нысанды мерзімінен ерте бітіруді жоспарлап отырғанын жеткізді. Биыл 2 мыңнан астам оқушы жаңа мектептің табалдырығын аттамақ.

СНХ: ЖӘНІБЕК ҒАЛИАСҚАРОВ, ЖАУАПТЫ МЕРДІГЕР: Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын. Кіре берісін де 90 процентке жуық бітіріп тастадық. Ішкі әрлеу жұмыстарын да жақында аяқтамақпыз. Ішкі инженерлік желілері де тартылуда. Құрылыста қолданылып жатқан материалдардың барлығы отандық өнім. Біз екі ауысымда жұмыс істеп жатырмыз Күндіз 200-ге жуық, ал түнде 60-қа жуықт адам жұмылдырылған. Мектептердің барлығын қыркүйекке дейін бітіруді жоспарлап отырмыз.

РКС:Елорданың іргесінде орналасқан Талапкер ауылында әлеуметтік мәселелер жетіп-артылады. Қазір елдімекенде су өткізетін арық салынып жатыр. Бұл көктемгі су тасқынының алдын алуға септігін тігізбек. Ұзындығы 2 шақырымға жуық. Жұмыс сапары кезінде аймақ басшысы Марат Ахметжанов ауылдың жолын жөндеу жұмыстарына қаржы бөлетінін айтып, елдімекен тұрғындарын қуантты.

СНХ:МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бізде енді биыл осы жерде 2 мектепті Алла жазса тапсырамыз. Сосын 1 млрд 200 млн сіздерге жолға беремін. Сразу екі жолды бітіресіздер. Мектеп, жол сосын мына бітірсек, енді мына ауылдың көркі басқа болады.

ИНТЕРШУМ:

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ