ДИКТОР: «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер». Тәрбиенің бастауын ата-бабамыз бір ауыз сөзбен жеткізген. Әке мен ананның қоғамдағы орны мен қосар үлесін айқындап кеткен. Отбасылық құндылықтарды насихаттау мен ата-ана институтын нығайту мақсатында Үкімет қаулысымен маусымның үшінші жексенбісі әкелер күні болып күнтізбеге енгізілді. Атаулы күнге орай «Жастар-ұлт болашағы» атты семинар өтті.
РКС: Қазақстанда «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі 2012 жылы құрылды. Бүгінде бірлестіктің құрамында аймақтық өкілдер де бар. Бірлестіктің мақсаты ұлт тәрбиесіне қоғамның назарын аудару.
СНХ: АЛМАСБЕК БЕКЗАН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ «ӘКЕЛЕР ОДАҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Үстел басында рухани азық туралы ұмытпаған жөн. Балам біреудің ала жібін аттама, зұлымдық жасама, досыңа адал бол деген сияқты үлкеннің алдын кеспе, қарттарға сәлем бер деген сияқты тәрбиеніде беру керек. Рухани тәрбие баланың қалауын көп жағдайда біз сұрамаймыз. Күреске барасың деймізде қоя саламыз. Шын мәнінде ол күреске барғысы келмейтін шығар. Сол себепте Әкемен баланың арасындағы қарым қатынас азайып қалғанын байқаймыз.
РКС: Отбасылық құндылықтар мен жауапкершілікке салғырт қарайтындар да қоғамда жоқ емес. Көп жағдайда ойланбай жасалған іс әрекеттің соңы орны толмас өкінішке әкеліп жататыны да шындық. Аталмыш шарада шаңырақ көтерген жас отбасылық жұптар да бой көрсетті.
СНХ: РҮСТЕМ ӘУБӘКІРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Ата-аналық өмірге бойымыз енді үйреніп жатыр. Бұл үлкен жауапкершілік. Басында қиын болды. Бірақ қазір баламызбен өткізген әр сәт бақытқа толы екенін сезіндік. Әке болудың өзі бір бақыт. Әке болдың деген кезде не істерімді білмей, абдырап қалдым. Қалай болады деп уайымдадым. Бірақ қазір көңілім орнына түсті. Әке болғанымды мақтан тұтамын. Өмірге дені сау сәбидің келгеніне қуаныштымын.
РКС: Болашақ шаңырақ иелері бір-бірін толық танып, жақсы түсіністік қарым-қатынаста болуы өте маңызды. Отбасының берік болуы болашақ ерлі-зайыптылардың өзіне байланысты. Саналы түрде құрылған шаңырақта салиқалы ұрпақ тәрбиеленетіні даусыз. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролін тереңірек түсіндіріп, насихаттау үшін осындай семинарларды әр өңірде өткізуге ниетті.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.