ДИКТОР: Көкшетау қаласында серуендеуге, жайлы демалысқа, спортпен шұғылдануға арналған жаңа саябақ ашылды. Мерекелік шара мемлекеттік рәміздер күнімен тұспа-тұс келді. Қала әкімі Бауыржан Ғайса қала тұрғындарын қос мерекемен құттықтады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Қалалықтар бұл сәтті ұзақ күтті. Құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталды. Кейін жобалық-сметалық құжаттамасына бірнеше рет түзету енгізіліп, сақалды құрылысқа айналған еді. Араға 7 жыл салып, халық игілігіне тапсырылды. Нәтижесі көз қуантады.

СНХ: МЕЙРАМ ОРАЗБАЕВ, МЕРДІГЕРЛІК ҰЙЫМНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұл парктің бірден бір ерекшелігі скейт алаңы салынды. Жалпы, жобалануымен осының іске асыруымен айналысқан Андрей Журавлев деген азаматқа алғысымызды білдіреміз. Алматы қаласының скейтбордистер федерациясының жетекшісі. Бізден ұсыныс түсті. Сосын жобалап, бізбен бірге осы құрылысқа жетекшілік етуге келісімін берді. Мұндай скейтплощадканың Қазақстанда аналогы жоқ.

РКС: Бұқараның игілігіне берілген нысанның ашылу салтанатына халық көп жиналыпты. Әсіресе балалардың қуанышында шек жоқ. Олар үшін түрлі ойын алаңдары заман талабына сай жабдықталған. Саябақ аумағында түрлі спорттық жарыстар өтіп жатты. Қала тұрғындарына арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЕВГЕНИЙ ФРАНКЕВИЧ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Скейтпарк өте керемет. Менің ойымша, Көкшетау қаласының скейтшілерінде өте жылдам прогресс болады. Бұған дейін бізде скейтпарк болған жоқ. Барлығы көшеде дайындалатын. Ыңғайлы жер іздейтін еді. Енді осы жерде скейттің небір әдісін үйренуге болады. Бүгінгі мерекелік бағдарлама жақсы ұйымдастырылған. Жиналған халық та сан жоқ. Жақсы көңіл-күйдемін.

РКС: Саябақ халық арасында бұған дейін Революция күрескерлері, балалардың темір жол паркі деп аталып келген еді. Заман талабына сай жабдықталған саябақтың әзірге белгілі бір атауы жоқ. Алдағы уақытта саябаққа бизнес өкілдерін тартып, жаңа сауда нысандарын ашу жоспарда бар.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ