ДИКТОР: «Таза Қазақстан» экологиялық республикалық акциясы аясында Бұланды ауданының орталығында экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. Шара қаланың орталық алаңында Мемлекеттік Әнұранды жаппай орындаудан басталды. Алаңға жиналған белсенділердің саны 1 жарым мыңнан асады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: «Таза Қазақстан» республикалық акциясы 5 тақырып бойынша, 5 аптаға созылды. Әр тақырып тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған. «Таза өлке» тақырыбы аясында қала көшелері мен үй аулаларын, орман алқаптарын және автомобиль тас жолдарының маңы қоқыстан тазартылды. Атқарылған жұмыстардың барысында 5 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

СНХ: ӘЛІШЕР КЕНЖЕҒАЛИЕВ, БҰЛАНДЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Аудан ішін тазарту жұмыстары, әктеу жұмыстары акция басталғалы бері барлық жұмыстар атқарылып келеді. бұл акцияға Бұланды ауданы мен ауданға қарасты 11 елдімекен атсалысуда. Жалпы қатысушылардың саны 3 мыңнан асады. Сондай-ақ, шамамен 2 мыңнан астам көшет отырғызылды. Акция әліде жалғасуда. Сондықтан отырғызылатын көшеттердің саны да артады.

РКС: Науқанға сан саланың мамандары атсалысты. Еңбек ұжымдары, еріктілер мен қала тұрғындары да қатысушылардың қатарын толықтырды. Сондай-ақ, «Жасыл ел» жасағының жауынгерлері үшін де науқан басталды.

СНХ: ЗӘМЗӘГҮЛ ӘМЕНОВА, БҰЛАНДЫ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Таза Қазақстан» акциясына «Жасыл елдің» балалары қатысып жатыр. 2 потоктан құрылған. Барлығы 56 адам. 1 поток 28 адамнан тұрады. 14 жастан бастап оқушылар, еріктілер және қала тұрғындары қатысып жатыр.

РКС: Бұланды ауданында экологиялық науқан үздіксіз жүргізілмек. Жыл бойы Макинск қаласы мен ауданның барлық аумағында ауылдарды абаттандыру және көгалдандыруға қатысты жұмыстар ұйымдастырылады.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ