ДИКТОР: Қазақстан Республикасына қызмет етемін! Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында жас полиция қызметкерлерінің слеті аясында ант қабылдау рәсімі өткізілді. 40-тан астам жас маман ел игілігі жолында аянбай еңбектеніп, халқына адал қызмет етуге ант етті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Ант қабылданды. Серт бергендердің қатарында Атбасар аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Диас Дүйсенов те бар. Азамат өзіне артылған ауыр жүкті көтеруге дайын.

СНХ: ДИАС ДҮЙСЕНОВ, АТБАСАР АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ: Оқуымды аяқтап, аудандық ішкі істер бөліміне бардым. Онда учаскелік инспектор саласын таңдадым. Кейін, Павлодар қаласына алғашқы кәсіптік даярлық курсына жіберді. Осы саланы таңдауда ұзақ ойландым. Менің өмірлік кәсібім деген шешімге келдім. Мені қолдаған отбасыма алғыс айтамын.

РКС: Тәртіп сақшыларының қатарына жаңадан қосылған мамандардың арасында учаскелік инспекторлар, тергеушілер, ювеналды және патрульдік полиция қызметкерлері бар. Дені оқуды әлі жалғастырып жатыр, жақын арада офицерлік шен алады. Тепсе темір үзетін жастардың ант беру салтанатына жақындары да келді.

СНХ: СЕРІК РАХМЕТОВ, ЖАС ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ӘКЕСІ: Қызымыз осы қызметке баруға тілек білдергесін біз қолдау көрсеттік. Павлодарда оқып, бүгін ант берді. Біз ата-аналар балаларымыздың осы кәсіпті таңдағандарына қуаныштымыз. Мақтанамыз. Отанымызға адал, пайдалы қызмет ететіндеріне тілектеспіз.

РКС: Салтанатты рәсімнен кейін жас полицейлер қызметтік міндетін атқару кезінде мерт болған әріптестеріне арналған мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойып, рухтарына тағзым етті. Департамент бастығы Нұрсұлтан Мұқашев жас мамандарды осынау айтулы күнмен құттықтады. Тәртіп сақшысының басты міндеті мемлекет пен азаматтардың мүддесін қорғап, олардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін тағы бңр мәрте еске салды.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ