ДИКТОР: Қосшы қаласындағы 7 мектеп 5 мыңға жуық оқушыны жазғы каникул кезінде демалыспен қамтымақ. Шаһарға жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Марат Ахметжанов оқушыларды Өалықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Аймақ басшысы жазғы лагерьдің, мектептегі асхананың жұмысымен танысты. Робототехника және тоғызқұмалақ кабинеттерін де аралады. Облыс әкімі Марат Ахметжанов кез келген салада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше басымдық берілуі қажет екенін қадап айтты.

РКС: Қосшы қаласындағы мектептерде 10,5 мыңнан астам бала оқиды. Халықаралық балаларды қорғау күніне және жазғы демалыстың басталуына арналған мерекелік шара шаһардағы іт мектеп-лицейінде өтті. Задач у программы Маусымның 1-інде бастау алған «Жазғы лагерь-2024» бағдарламасының ауқымы кең. Ол ең алдымен оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, олардың шығармашылық пен еңбекке қабілеттілігін дамыту, спортпен шұғылдануға, таза ауада серуендеуге баулу. Бұдан бөлек, көпбалалы және аз қамтылған отбасының балаларына көмек көрсетуге де басымдық беріледі.

СНХ: НҰРКЕН ШАХМЕТОВ, IT МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Жалпы, мектебіміз 2022 жылғы ашылған. Мектеп 2-ауысымды, аралас. 2560 оқушы бүгінгі таңда білім алуда. Биылғы оқу жылында, 67 түлегімізді шығарып отырмыз. Енді, жазғы уақытында 3 сезонды қамтып отырмыз. Жаз кезінде, балалардың уақытын дұрыс ұйымдастыру мақсатында қалалық, мектептік іс-шараларға қатысу. Біздің бағдарламаға сәйкес концепцияларға, мұғалімдеріміз жоспарға сәйкес жұмыс атқарады.

РКС: Шаһарда қауіпсіз ортаны құруға қатысты өзекті мәселелерді шешу үшін жұмысты күшейту қажет. Жол қозғалысын реттеу, көшелерді жарықпен қамту, медициналық көмек көрсету мәселелеріне басымдық берілуі шарт. Аймақ басшысы осындай міндет жүктеді. Балалардың қауіпсіздігі ерекше назарда болуы тиіс,-деді облыс әкімі. Мектеп-лицейінің күзет бекетінде Марат Ахметжанов бейнебақылау жүйесінің жұмысын бақылап көрді. «Дабыл батырмасын» басқан кездегі тәртіп сақшыларының әрекетін де тексерді. Полиция қызметкерлері мектеп ауласына санаулы минутта жетті. Облыс әкімі балаларды мерекемен құттықтап, алдағы демалыстарына сәттілік тіледі.

СНХ: БЕКАРЫС ХАМИТ, IT МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Мен 7-ші сынып оқушымын. Мен осы мектепте 2 жыл бойы оқып жүрмін. Осы мектеп маған қатты ұнайды. Ол кең, жарық, және де әдемі. Оқушыларға бүкіл нәрсе жасалған. Және де мына жақта көп кружоктар бар. Яғни, домбыра, волейбол, баскетбол, шахмат. Домбыра мағаг қатты ұнайды. Олда көп нәрсені үйретеді.Және де ол қазақтың дәстүрі, ол ең басты. Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра деген халық.

РКС: «Жаппай оқыту» қоры бойынша Қосшы қаласы мектептерінің 100-ден астам оқушысына сауықтыру лагерьлерінде демалыс ұйымдастырылмақ. Оған 8 миллион теңге қарастырылған. Жазғы уақытта қосымша білім беру ұйымдарында үйірмелер жұмысын жалғастырады. Сондай-ақ мектептер мен дебаттық клубтардың белсенділеріне, спортшылар мен мектепшілік есепте тұрған балалар үшін қала сыртындағы «Звездный-Бурабай», «Жұлдыз» және «Балдаурен-Балхаш» сауықтыру лагерьлеріне демалыстар ұйымдастырылады.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.