ДИКТОР: 31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл дата 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген. Ақмолалық саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мақсатында өңірде арнайы комиссия құрылған. Оның мүшелері 3 жылда 400-ге жуық іс қараған.

РКС: Қазақстандағы тұңғыш репрессия 1928-жылдан басталды. Өйткені, 1925-жылы Қазақстан өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы болып келген Голощекин республиканың саяси-экономикалық және әлеуметтік жағдайымен танысып «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады, сондықтан мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялық шаралар жүргізе бастайды.

СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ТОЛЫҚ АҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК КОМИССИЯНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: Отызыншы жылдары бай кулактар болып, халық жауы болып кәмпескеге күшпен мал тәркілеуге ұшыраған. Сен байсың, ауқаттысың деп. Халық жауысың деген желеумен. Біз 7 бағыт бойынша жұмыс істедік. Әр бағыт бойынша айтар болсақ, біз Карлаг, Алжир сияқты лагерьлерді білеміз ия, Степлаг деген . Ал Ақмола облысының өзінде ғана осындай 19 лагерь болғанын анықтап отырмыз. Оның ішінде 2 мың адам отырған, 7 мың адам отырған лагерьлер болған. Айталық, Зеренді ауданының өзінде аудан территориясынан 4 бірдей лагерьдің орны табылды. Ол мысалы Үлгілі деген жерде, Приречное деген жерде, Озерное, Семфирополь ауылының жанында және мынау Уголки, Баратай ауылдарының жанында

РКС: Өңірде күштеп ұжымдастырылғандар және отырықшылыққа көшірілгендер саны: 1928 жылы - 54; 1929 жылы -71; 1930 жылы -64; 1931 жылы - 67; 1932 жылы - 53; 1933 жылы - 79. Барлығы – 388. Өңірдегі халық көтерілістеріне қатысқан ақталмаған адамдар саны – 412. Барлық халық көтерілістері мен бас көтерулер саны – 14.

ИНФОГРАФИКА:

Өңірде күштеп ұжымдастырылғандар және отырықшылыққа көшірілгендер саны:

1928 жылы – 54

1929 жылы -71

1930 жылы -64

1931 жылы - 67

1932 жылы - 53

1933 жылы - 79

Барлығы – 388

Өңірдегі халық көтерілістеріне қатысқан ақталмаған адамдар саны – 412

Барлық халық көтерілістері мен бас көтерулер саны – 14

РКС: Бұл трагедияның құрбандарын есте мәңгілік сақтау бойынша іс-шаралар Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін мемлекеттік деңгейде қабылданды. Бүгінде саяси қуғын-сүргін құрбандарының тарихын зерттеу бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары жалғасуда.

СНХ: РАУШАН ЖҮСІПОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЛЕКТОРЫ: Қазіргі ғылым саласындағы өзгерістер, жалпы методологиядағы өзгерістерге байланысты жеке адамдардың, жеке қазақ азаматтарының өткен тарихымыздағы қосқан үлесін, еңбегін зерттеу және де олардың еңбек жолдарын, ғылыми жолдарын, қоғам дамуына қосқан үлесін зерттеу, өте актуалды болып келеді және қоғам тарапынан да өте үлкен қызығушылық байқалады. Көптеген жергілікті азаматтар, соның ішінде ірі бір азамат, біздің жерлесіміз Әбілқайыр Досов деген бұл саяси процеске белсене қатысқан.

РКС: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мақсатында осыдан 3 жыл бұрын өңірлік комиссия құрылған болатын. Оның мүшелері күні бүгінге дейін 400-ге жуық істі қарап шыққан. Әлі өз кезегін күтіп тұрған 36 мың іс бар. Оның әрқайсын қарап, ақ-қарасын анықтау міндетіміз,-дейді комиссия мүшелері.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ