ДИКТОР: Біржан сал ауданының негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 4,5 миллиард теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Соның 2,5 миллиарды кәсіпорындардың өз қаражаты. Биыл кәсіпорындар 12 миллиард теңге көлемінде өнім өндірді. Ал ауыл шаруашылығы топан су салдарынан былтырғыға қарағанда біршама аз өнім өндірді. Айта кетейік, қыстағы ауа райының қолайсыздығынан 1 мың бас жылқы шығыны тіркелді. Көтем де бірқатар қиындығымен келді. Аудандық маңызға ие жолдарды су шайып кетті. Аудан әкімі Достанбек Есжанов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында өңірде қалыптасқан жағдайды баяндады.
РКС: Биыл су тасқыны салдарынан аудандық маңызға ие 4 бағыттағы жолды су шайып кетті. Бүгінде Краснофлот бағытындағы жол қалпына келтірілсе, Көдебас, Мақпал, Құдықағаш ауылдарына баратын жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қызыл судың салдарынан ауыл шаруашылығы саласы да бірқатар қиындыққа тап болып отыр. Ауданда жайылымдық жер тапшы. Иесіз қалған 51 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Аудан диқандары 190 мың гектар алқапқа дәнді-дақылдар сіңіру жұмысын бастап кетті. Құрылыс жұмыстарына келсек, бұған дейін қаржы тапшылығынан бірнешеуі тоқтап қалған еді. Қазір бұл жұмыс жандана түскен.
СНХ: ДОСТАНБЕК ЕСЖАНОВ, БІРЖАН САЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: қаласындағы 21 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Құрылысты биылғы жылы аяқтаймыз деген ойдамыз. Сонымен қатар бұрынғы Қазпошта ғимаратын кейіннен жатақханаға қайта жаңғырту үшін сатып алуды жоспарымызда бар. Өткен жылы 43 төсектік тәулік бойы жұмыс істейтін стационары, ауысымына 200 келушіге арналған емханасы бар аурухананың құрылыс жұмыстары басталып, биылғы жылы да жалғасуда.+скл+ Бұланды мектебінің құрылысы жалғасуда, ағымдағы жылы жұмыстарды аяқтау үшін қаражат толығымен бөлінді. Осы жылы білім саласында Степняк қаласының №1 мектебін күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда, Біржан сал ауданындағы 30 орындық «Күншуақ» балабақшасының 2-ші ғимаратына жөндеу жұмыстарына 40 миллионнан астам қаражат бөлінді.
РКС: Айта кетейік, Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Андықожа батыр, Макинка ауылының мектеп ғимаратына жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы сараптамадан өтіп, қаржыландыруға ұсынылды. Сондай-ақ «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Андықожа батыр ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарланған. Ал, ауыл тұрғындарын тіршілік нәрімен қамту және жол мәселесі әлі де өзекті. 14 елдімекен орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. 16 ауылға су тарату пункттері және 3 ауылға блок-модульдер орнатылған.
СНХ: ДОСТАНБЕК ЕСЖАНОВ, БІРЖАН САЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Жұмыстар Заозерное, Үлгі және Мақпал ауылдарында жүргізілуде. Макинка ауылының су құбыры желілерін қайта құруға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар Степняк қаласында орталық кәріз желісі болмағандықтан, жаңадан кәріз салу жобасы әзірленуде. Көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында «Қазавтожол» ұлттық компаниясымен республикалық маңызы бар Ақсу-Макинск-Торғай жолына орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Облыстық маңызы бар Степняк-Щучинск тас жолына күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Астана-Көкшетау тас жолынан Баймырза ауылына дейін 9 шақырымды құрайтын жолға жөндеу жұмыстары басталды.
РКС:«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Үлгі, Тасшалқар, Макинка ауылдарының ішкі жолдарына жөндеу жұмыстары да басталып кетті. Халықтың әлеуметтік жағдайы да назардан тыс қалған жоқ. Жыл басынан бері 400-ге жуық тұрғынға 48 миллион теңге қаражат көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
СНХ: ДОСТАНБЕК ЕСЖАНОВ, БІРЖАН САЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек 418 адамға көрсетіліп, 16 млн. теңге төленді. Жеке білім алу жоспары бойынша шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек 2 балаға тағайындалып, бос және тұрақты жұмыс орындарына 15 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша 6 адам орналастырылды. Жастар практикасы бойынша 2 адам орналастырылды.
РКС: Бизнестің әлеуметтік серіктестігі аясында ауданға 2 жедел жәрдем және бір 1 реанимобиль сыйға тартылды. Жедел жәрдем көліктері Аңғал батыр, Макинка ауылдарына берілсе, реанимобиль Степняк қаласындағы емдеу мекемесіне бұйырды. Медицина саласында маман тапшы. Мәселені шешу мақсатында аудан әкімінің гранты бойынша 9 студент жоғары оқу орындарында білім алуда. Осылайша кадр тапшылығын сәл де болса азайтуға мүмкіндік бар.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.