ДИКТОР: "Kitap Shakhary-2024" тақырыбындағы колледж кітапханашыларына арналған республикалық семинар Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау қазақ жоғары педагогикалық колледжінде жалғасын тапты. Еліміздің әр түкпірінен келген кітапханашылар сапалы кітап қорын толтыру, кітапхананың рөлі мен орны, кітапханашылардың мәртебесін арттыру сынды бірнеше тақырыпты талқылады.

РКС: Аталған семинар 2022-2025 жылдарға арналған "Жас талап" жобасын іске асыру жоспарына сәйкес ұйымдастырылуда. Онда колледж кітапханаларының қазіргі жағдайын саралау, "Парасатты оқырман" жобасы бойынша тәжірбиені насихаттау тағы басқа тақырыптар қамтылды.

СНХ: ӘЛИЯ САЙДЕМБАЕВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл семинардың мақсаты студенттер арасында оқу сауаттылығын арттыру мен оқу мәдениетін дамыту. Президентіміздің Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес 1770-тен тұратын көркем әдебиеттер тізімі қалыптасты. Балалар кітапханасы бағдарламасы іске қосылды.

РКС: Семинар барысында сөз алғандар "Оқуға құштар колледж" жобасының іске асу барысы, кітапхана саласындағы мамандар жетіспеушілігі, еңбекақының төмендігі, кітапхана мәртебесін педагогтармен теңестіру сынды бірқатар мәселелерді көтерді.

СНХ: АНАР МАХАМБЕТОВА, КІТАПХАНАШЫ /АБАЙ ОБЛЫСЫ/: Біз бұл семинарға тәжірбие бөлісу, алмасу мақсатында келіп отырмыз. "Оқуға құштар колледж" бағдарламасы шеңберінде көптеген жұмыстар атқарып жатырмыз. Білім алушыларға кітапхананың атқаратын рөлі орасан зор. Қазір технология заманы болғанымен дәстүрлі кітапханалар өзінің маңыздылығын жойған жоқ.

РКС: Іс-шара барысында Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау қазақ жоғары педагогикалық колледжі ұстаздарының жинақтап шығарған 7 кітаптың таныстырылымы өтті.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ