ДИКТОР: Ақмола облысында тырысқақ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бір қуанарлығы, жұқпалы ауру соңғы 10 жылда тіркелген жоқ. Десе де, сақтықта қорлық жоқ деген қағиданы ақ халатты абзал жандар қатаң ұстануда. Осы тұрғыда өңірде тырысқақтың алдын алуға арналған оқу-жаттығу жиыны өтті.

РКС: Жаттығу жиынының жоспарына сәйкес теміржол вокзалындағы поездың бірінде тырысқақ ауруын жұқтырған әйел адам болған. Бұл туралы хабар алған санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына дереу жетті. Арнайы киім киген мамандар жұқпалы аурудың басқа жолаушыларға таралып кетпеуі үшін тиісті шараларды қолға алды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Дәрігерлер нәзік жандыға тиісті көмек көрсеткен соң, оны жедел жәрдем көлігі жұқпалы ауруларды емдеу мекемесіне алып кетті. Ал қауіпті инфекцияның таралуын тоқтату үшін вагонды зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Өйткені вирус негізінен сыртқы орта арқылы беріледі.

СНХ: ЕРЛАН КӘРІМОВ, КӨЛІКТЕГІ АҚМОЛА БӨЛІМШЕЛІК САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Тырысқақ – өте қауіпті инфекцияның бірі. Тиісті ем қабылдамаған жағдайда, соңы өліммен аяқталуы мүмкін. Дүнижүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде тырысқақ ауруының шамамен 4 млн.жағдайы тірекелген. Дерт әсіресе қарапайым санитарлық жағдай жоқ немесе жылы және ылғалды климаттық елде жиі кездеседі.

РКС: Сондай-ақ, жұқпалы ауруды шетелдіктер де алып келуі мүмкін. Елімізде мұднай жағдай биыл сәуір айында тіркеліпті. Қазақстанға Үндістаннан келген Қырғызстан азаматынан тырысқақ дерті анықталған. Мамандардың жедел әрекетінің арқасында абырой болғанда вирус таралған жоқ. Оқу-жаттығу шарасына қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқарасының қызметкерлері бақылаушы ретінде шақырылды. Мамандар бұл аурудың қоздырғыш вибриондары көбіне су ағымдарына кездеседі, - дейді.

СНХ: НАТАЛЬЯ РАХМАТИЛЛОЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін материалдар қоршаған ортадан алынады. Ашық су қоймаларынан су сынамалары алынады. Оң нәтижелер тіркелген жоқ. Айта кетейін, қала бойынша жағдай тұрақты. Бүгінгі оқу жаттығу шарасы қанағаттанарлық өтті. Барлық қызметтер дереу әрекет етті.

РКС: Сақтансаң – сақтаймын деген халық даналығын естен шығармаған жөн. Сондықтан жаттығудың бұлайша шынайы түрде өткізілуі бекерден бекер емес. Шетелдерде вирусқа шалдыққандар санының артуына байланысты қауіпті дерттің алдын алу шаралары барлық өңірде өткізілуде. Жаттығулар аяқталған соң мамандар жедел шара кезінде жіберген қателіктерді саралады.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ