ДИКТОР: Жарқайың ауданына қарасты Пригородное ауылының тұрғындары көктемгі су тасқынынан айтарлықтай зардап шеккен еді. Осы күндері ауылда баспана құрылысы қызу жүріп жатыр. Күзге дейін 30 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болуы тиіс.

РКС: Пригородное ауылында 2 пәтерлі 15 баспананың құрылысы маусым айында басталды. Қазір үйлердің іргетасы құйылып, қабырғасы көтерілуде. Құрылысқа қарағандылық қос серіктестік жауапты. Олар барлық жұмысты қыркүйек айына дейін аяқтауға ниетті.

СНХ: ДҮЙСЕНБЕК МЫҚЫШЕВ, ПРОРАБ: Санузелдері бар, от жағатын жері бөлек. Ыңғайлы қазіргі заманға сай. 76 адам істеп бастадық. Тасушылар бар, әкелушілер бар. Жұмыстың басында құрылыс мамандар бар. 15 үйдің онында әрбіреуінде бір-бір бригада істеп жатыр.

РКС: 15 үйдің құрылысына қажетті 630 миллион теңге «Қазақстан халқына» қорынан бөлінген. Құрылыс материалдарының барлығы отандық өнім. Ауылдықтар болса, қиын кезде жалғыз қалмағандарына дән риза.

СНХ: ЕЛЕНА ШАРИНА, ПРИГОРОДНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Менің үйіме топан судан қатты зардап келді. Ол жерде тұру мүмкін емес. Көмектесіп жатқан жерлестерімізге алғыс білдіремін. Балаларымыз лагерьге барып тегін демалып қайтты, әр отабысна ақшалай көмек көрсетілді. Мен жұмыс істейтін «Қазпошта» акционерлік қоғамынан да қаржылай қолдау болды. Еліміздің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек те жеткізілді.

РКС: Жалпы, осы күндері облыс бойынша тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету жалғасып жатыр. Облыс әкімінің тапсырмасына сай үйлері жарамсыз болып қалғандардың барлығы күзге дейін баспанамен қамтылуы тиіс.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК КӨКШЕ АҚПАРАТ