ДИКТОР: Жақсы аудандық ауруханасының хирургия бөлімшесінде өтке жиналған тасты алып тастау үшін бірегей операция жасалды. Сондай-ақ сынған иықты қалпына келтіруге арналған гибридті операция да сәтті өтті.

РКС: Хирургтың кеңесінен және ультрадыбыстық зерттеуден кейін үш науқасқа операция жасау туралы шешім қабылданды. Өтке жиналған тас алынып тасталды.

СНХ: ЖАНАЙДАР ҚАЖДЕНБЕКОВ, ЖАҚСЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз барлық шұғыл хирургиялық көмекті тәулік бойы көрсетеміз. Алдымызда тұрған үлкен мәселе жоспарлы хирургиялық көмекті көрсетуді ұлғайту. Қазір асқынып кеткен өт ауруына қарсы операция жасалды. Бұдан бөлек бірнеше пациентке жоспарлы шұғыл емдеу жүргізілді.

РКС: Сонымен бірге гибридті операция да жасалды. Пациент мотоциклден құлап, иығын жарақаттап алған. Шұғыл түрде хирург пен травмотологтың көмегіне жүгінді. Мамандардың кеңесінен соң рентгенография, кардиограмма жасалып, хирургтер операцияға кіріскен.

СНХ: АМАНЖОЛ НҰРМҰХАМЕТОВ, ЖАҚСЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ХИРУРГЫ: Аудандық аурухана жағдайында түрлі сынықпен келген жандарға операция жасауды бастадық. Оған қажетті материалдың бәрі бар. Жуырда ғана иығына операция жасадық, екі жерден сынған. Замауани имплант қойдық. Операция сәтті өтті, қазір сауығу кезеңінен өтіп жатыр.

РКС: Пациенттер операциядан соң өздерін жақсы сезінуде. Мұндай шеберлік сағаттары алдағы уақытта да жалғаса бермек.

САБИНА ЖӘМШИТОВА, ЗАРИНА БЕККАЛИЕВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ.