ДИКТОР: Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының ашылғанына 60 жыл. Атаулы мерейтойға орай "Бақытымның бастауы - алтын ұя мектебім!" атты салтанатты шара ұйымдастырылды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты 1963 жылы Көкшетау облыстық қазақ мектеп -интернаты болып ашылған. Бұл білім ошағында негізінен облыстың әр түкпірінен ауыл аймақтың балалары келіп білім алады. 60 жыл ішінде білім ордасын 5 мыңға жуық түлек аяқтап шыққан.

СНХ: ЫРЫСАЛДЫ БЕКАХМЕТОВА, АРДАГЕР ҰСТАЗ: Осы мектепте жазғы шағым, көктемгі шағым, қысқы шағым өтті. 14 жасымнан бастап тағыдырым осы мектеппен байланды. Осы мектепті 69 жылы түледім. 91 жылы жалпы тарих, география пәндерінің мұғалімі болып қайта оралдым. Бұл республика атаулы үлкен мектептердің бірі, алдымнан талай республикалық олимпиада жұлдыздары шықты. "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелде оқыған керемет оқушыларым бар.

РКС: Мерейтойлық іс-шараға мектеп түлектері, білім ошағының бұрыңғы басшылары, ұлағатты ұстаздар көптеп жиналған. Нұрикамал Жұмабаева мектеп-интернатты 1991-1995 жылдар аралығында басқарған. Ел Тәуелсіздік алған қиын кезеңде білім ошағына жетекшілік ету әрине оңай болған жоқ.

СНХ: НҰРИКАМАЛ ЖҰМАБАЕВА, АРДАГЕР ҰСТАЗ: Ол кездері жарық болмайды, тамақты талонмен береді. Мектеп директоры ретінде келдім, жататын жер де болмай сол интернатта оқушылармен бірге болдым. Қара шаңырақ қазір жылдан жылға көркейіп келеді.

РКС: Білім ошағына 2020-ші жылы ағартушы, ұлы ұстаз Абай есімі берілді. Соңғы 3 жылда мектептің 181 дарыны облыстық, 47 шәкірті республикалық білім додаларында жеңімпаз атанды.

СНХ: ШОҚАН ОРАЗАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ел игілігі мен мүддесі жолында білімді көшбасшылар тәрбиелеуге сіңірген еңбектеріңіз үшін Ақмола облысының әкімдігі Абай атындағы дарынды балаларған арналған мамандандырылған мектеп-интернатына мектеп жатақханасын күрделі жөндеуге 546 миллион теңге қаражат бөлді. Облыстағы күрделі жөндеуге ең үлкен сома осы білім ошағына беріліп отыр. Облыс әкімі Марат Мұратұлы дарынды балаларға мектептерге аса назар аударып, ұстаздар мен түлектерді осылай қолдап отыр.

РКС: Салтанатты шарада білім ошағына жаңа модификация кабинеттерін жасақтау үшін 45 миллион теңгенің сертификаты табысталды. Сонымен қатар әр жылдары еңбек еткен мектеп басшылары мен ұстаздарына құрмет көрсетілді.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ