ДИКТОР: Ерейментау ауданы бойынша инвестициялық 6 жобаның тізімдемесі жасақталған. 16 миллиард теңгеден асатын жоба жүзеге асса, қосымша 50-ге тарта жұмыс орны ашылады. Жергілікті халықты жұмыспен қамту мәселесі өзекті. Оған ерекше басымдық беріліп отыр. Жыл басынан бері ауданда 150-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды.

РКС: Қазір ауданда көктемгі егіс науқаны қыза түскен. Биыл ерецмендіктер 127 мың гектардан астам алқапқа дән сіңіруді жоспарлаған. Ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдаудың арқасында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіліп отыр. 2 миллиард теңгеге жуық қаржыға ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Ауыл шаруашылығы жерлерін кеңейту жұмысы да қыза түскен. 42 мың гектардан астам жер телімін қазіргі уақытта жауапты сала мамандары жан-жақты тексеріп жатыр. Инвестиция тарту мәселесі де өзекті. Бұрынғы жылдардан ауысқан 4 жоба қолға алынды. Ауданда тұрғын үй құрылысы да қарқынды.

СНХ: НҰРЛАН МҰҚАТОВ, ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Ерейментау қаласындағы 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жобаның жалпы құны 599 млн. теңге. Оның ішінде 527 млн теңгесі игерілді. 2024 жылға біздің бюджеттен 71,5 млн теңге қарастырылған.

РКС: Ауданда «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында биыл 15 жоба жүзеге асырылмақ. Оған бөлінген қаржы 1,5 миллиард теңгеден асады. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, инженерлік инфрақұрылым салалары қамтылмақ. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысы да оң жолға қойылған.

СНХ: НҰРЛАН МҰҚАТОВ, ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Ақмырза ауылын ауыз сумен жабдықтау, тарату желілерін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін өткен жылы Ұлттық қордан 217,4 млн теңге, облыстық бюджеттен 63 млн теңге бөлінді. Биыл нысанның жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру үшін облыстық бюджеттен 111,7 млн теңге қаражат қарастырылған.

РКС: Сілеті ауылында сумен жабдықтаудың таратушы су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары да қатар жүргізілуде. Оны ойдағыдай өткеру үшін былтыр облыстық бюджеттен 173 млн. теңге қаражат бөлінді. Биыл бұл жұмысты әрі қарай жалғастыру үшін облыстық қазынадан 126 миллион теңгеден астам қаражат тағы берілді. Құбырды толығымен іске қосу үшін қосымша 300 миллион теңгеге жуық қаржы қажет.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ДАРХАН ДӘУЛЕТ, КӨКШЕ АҚПАРАТ