ДИКТОР: "AMANAT" партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды қабылдады. Бұланды ауданына қарасты Иванковка ауылында өткен кездесу «Құқықтық көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған.
РКС: Тұрғындар түрлі салаға қатысты өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Елдімекендегі негізгі проблема су тасқыны салдарынан тұруға жарамсыз үйлердің орнына берілетін баспананың жай-күйі. Айта кету қажет, көктемде Иванковка ауылын қызыл су басты. 42 үй апатты деп танылған. Табиғи апаттан зардап шеккендер мемлекеттен 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы өтемақы алды. Сондай-ақ «Қазақстан халқына» қорының өкілдері елді-мекенге келіп, тәуелсіз сараптама жүргізген.
СНХ: НАТАЛЬЯ УЛИНИЧ, ИВАНКОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ (БҰЛАНДЫ): Ауылда проблема жетерлік. Біріншісі – тасқыннан зардап шеккендерді жаңа баспанаға күзге дейін қоныстандыру. Жарықтандыру мәселесі де бар. Сонымен қатар, ауылымызда интернет жоқ. Мектеп жабылуы мүмкін. Келесі жылы да табиғи апаттан зардап шегеміз ба деп қорғамыз. Оған қоса, ауылда су жоқ. Оны 150 теңгеге сатып аламыз. 30 шақырымдық Журавлевкадан 5 күнде 1 рет әкеледі.
РКС: Баспана иелерінің құжаттарын реттеу жұмыстары аяқталуға жақын, - дейді аудан әкімі Ардақ Смайылов. Арнай жер телімдері бөлінген, жақын арада құрылыс жұмыстары басталмақ. Барлық ауыртпалықты мемлекет өз жауапкершілігіне алады. Тұрғындар дайын үйге кіреді. Кездесу барысында сондай-ақ интернет, жол және ауыз су мәселесі де көтерілді. Ал медициналық көмек алу үшін тұрғындар ауданға немесе облыс орталығындағы емханаларға жүгінуге мәжбүр.
СНХ: АҚМАНАТ ӘЛІМБЕТОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Барлық сұрақтарды өзіміздің бақылауымызға алып, әр шешілуін қолға аламыз. Қабылдауға бізде аудан әкімі қатысты, облыстық маслихат депутаты қатысты. Жалпы халық келіп, ашық ойын айтып, барлық проблемаларын бізге көздеп, шешу жолдарына дейін талқыладық. Соның жуық арада болмасын бақылауға алып, ешшіледі деген үміттенеміз.
РКС: Аудан әкімі Ардақ Смайылов биыл ауыз су мәселесін шешуге уәде берді. Сондай-ақ өңір басшысы тұрғындарды салынатын үйлердің құрылыс барысын қадағалап отыруға шақырды. Естеріңізге сала кетейік, Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа баспаналар 15 тамызға дейін қолданысқа берілуі тиіс.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, АРДАК ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.