ДИКТОР: Биыл облыс аумағында 19 лагерь жұмыс істейді. Онда 14 мыңнан астам бала демалады деп жоспарланып отыр. 2 мың бала тегін жолдамамен қамтылмақ. Осы орайда, сәуір айынан бері дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. Оның аясында облыста оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша ведомствоаралық жоспар дайындалды. Лагерь басшыларымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

РКС: Биыл лагерьлерді жаңғыртуға облыс бюджетінен 470 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Мектеп жанындағы жазғы лагерьлердің саны артпақ. Оған бастауыш сынып оқушылары барады. Жылда мектеп жанындағы мектеп лагерьлері 75 мыңнан астам оқушыны қамтиды. Ал, қала сыртындағы тегін демалыспен 2100-ге жуық оқушы қамтамасыз етіледі.

СНХ: БОТАКӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Тегін қамтылатын оқушылар олар жаппай біліммен қамту қорынан қарастырылған. Республикалық деңгейдегі Балдәурен лагерьлері бар. Соған арнайы квотамен Оқу ағарту министрлігі әр ауысымның өзінің бағыты, тақырыбы бар. Сол бойынша балалар іріктеліп алынады.Оған әлеуметтік осал топтың оқушылары кіреді. Мектептің өміріне оқу жағынан, шығармашылық, спорт жағынан өздерінің жетістіктері бар, облыстық, республикалық деңгейде өзін көрсетіп жүрген оқушылар да қамтылатын болады.

РКС: Жыл бойы жұмыс істейтін «Жас дәурен» балғындарды сауықтыру орталығы кезекті жазғы ауысымға дайындық үстінде. Лагерьдің ашылғанына көп бола қойған жоқ. Ғимарат бұған дейін балалар үйі болған. Лагерьдің қуаттылығын арттыру жоспарда бар. Орталықта балалардың бос уақытын ұйымдастыру үшін үйірмелер, арнайы кабинеттер қарастырылған. Ең бірінші кезекте - балалардың қауіпсіздігі.

СНХ: АРМАН ӨМІРЗАҚОВ, «ЖАС ДӘУРЕН» БАЛАЛАР САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Ата-аналар балаларды жібергенде олар қауіпсіздікке қорықпайды. Бейнекамералар орналасқан. Балаларды бақылап отырамыз. Қосымша штаттар бар. Тәрбиешілер бар. Бізде биыл 7 ауысым өтеді. 700-100 бала қабылдауға тырысамыз. Біздің ұжым бағдарлама дайындап жатыр. Ережесі дайын біздің лагерьдің. Ауысымды 1-маусымнан қабылдаймыз деп отырмыз балаларды. Осы материалдық база мықты деп айтуға болады. Басқа лагерьлерге қарағанда өзіміздің спортзалымыз бар, кабинеттеріміз бар, қосымша білім береміз.

РКС: Тиісті сала мамандары алдағы уақытта балалар сауықтыру орталығының санын арттыруға ниетті. Бұл бірінші кезекте өңірдегі балалар туризмін дамытуға мүмкіндік береді.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ