ДИКТОР: Жол құрылысы маусымында Көкшетауда бояу мен термопластиктің көмегімен 60 мың шаршы метр жол белгілерін жаңарту жоспарланған. Сонымен қатар, алғаш рет жол қозғалысы қауіпсіздігінің техникалық құралдары енетін жолдарды құжаттандыруды өңдеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Термопластикпен, шамамен, 10 мың шаршы метр аумақ жаңартылады. Әзірге, жол белгілері, тек орталық көшелерде ғана салынған. Бүгінде конкурстық шаралар аяқталды, жол белгілерін салу бойынша тендерді астаналық фирма ұтып алған. Алайда, конкурс қатысушыларының бірі шағым түсіріп, салдарынан жұмыстарды бастау мерзімі шегерілген.

СНХ: ӘДІЛЕТ РАҚЫМЖАНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБЛИЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Мердігер анықталғаннан кейін жұмыстарды бастаймыз. Өткен жылғыдай жаяу жүргіншілердің жолағын пластикпен белгілейміз. Конкурстық шаралар қарастырылып жатыр. Жеңімпаз анықталғаннан кейін қала бойынша барлық белгілерді бояймыз.