ДИКТОР: 2024-2026 жылдарға арналған Ақмола облысында қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы қабылданды. Жұмыс берушілер алдындағы қызметкерлердің құқықтарын қорғау және еңбекті қорғау басты міндет болып табылады. Ескірген жабдықты немесе жұмыс тәжірибесін жаңартпау көбінесе жұмыс орнындағы жарақаттардың себебі болып табылады. Сондықтан «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында еңбек қауіпсіздігі мәселесі жиі талқылануда.

РКС: 2021-2023 жылдар аралығында өңірде 140-қа жуық жазатайым оқиға тіркелді. 142 адам зардап шекті, 37 оқиғаның соңы өлімге әкеліп соқтырды. Бұл жұмыс процесін жаңғыртудың және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын көрсетеді.

СНХ: ЕРҚАНАТ МҰСЫЛМАНБЕК, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл шара өндірістік жарақаттану және кәсіптік аурулар деңгейін төмендетуге, сондай-ақ өндірістегі өліммен аяқталатын жазатайым оқиғаларды азайтуға, еңбек жағдайларының сапасын жақсартуға бағытталған. Тақырып біздің кәсіпорындар үшін өте өзекті. Жыл сайын бүкіл әлем бойынша 340 миллионнан астам адам өндірістік жарақаттан зардап шегеді. Сондықтан бүгін еңбекті қорғау жөніндегі кәсіподақ орталығымен, еңбек инспекциясы басқармасымен және біздің кәсіпкерлік қызмет субъектілерімен бірлесіп осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды.

РКС: Үшжақты әлеуметтік әріптестік комиссиясына облыс әкімдігі, кәсіподақ, кәсіпкерлер қауымдастығы кіреді. Ұйымдар үш жылдан астам уақыт бойы ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Жалақы мен әлеуметтік төлемдер, еңбек шарттарын жасасу мәселелерін қарастырады. Маңызды бағыттардың бірі - еңбек қауіпсіздігі. Кәсіпкерлермен түсіндіру шаралары жүргізілуде.

СНХ: МӘРИЯМ ӘБІШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Екінші жыл қатарынан кәсіпкерлер палатасының алаңында еңбек қауіпсіздігі мен еңбек заңнамасына енгізілген өзгертулерге қатысты осындай жиныдар өткізіп келеміз. Ұжымдық келісім-шарттың үлесі барлық тіркелген кәсіпкердің 10 процентін құрайды. Келер жылы оның үлесін 20-ға, одан арғы жылы 30 процентке жеткізу жоспарда бар. Дей тұрғанмен, өлімге әкеліп соқтыратын қағылы жағдайдың үлесін төмендетуіміз қажет.

РКС: Жиынға қатысушылар қауіпсіз жұмыс шарттарымен қамтамасыз ету тақырыбын жан-жақты талқылады. Жарақат қауіптілігіне жұмыс орындарын аттестаттау жұмысқа орналасушының мейлінше қауіпсіз жағдайды таңдауына мүмкіндік беретін шараның бірі. Сондай-ақ өндірісте техникалық инспектор қызметін енгізуге де қатысты да мәселе қаралды. Ол ең алдымен басшы мен ұжым арасында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлға болып саналады.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, АРДАК ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ