ДИКТОР: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді көгалдандыру туралы тапсырмасын орындау осыдан төрт жыл бұрын басталды. Бүгіндері облыстың орман қоры қойылған міндетті белсенді түрде іске асырып келеді.

РКС: Жыл сайын тәлімбақта 10 миллион данадан астам ағаш және бұта тұқымына жататын көшет өсіріледі. Орман шаруашылығы мекемелері жылдан-жылға жапырақ тұқымдас орман тұқымын жинау және дайындау жұмыстарын жүзеге асырады. Жасыл желектерге күтім жасау тиісті технологиялар бойынша қатаң түрде жүргізіледі.

СНХ: БОЛАТ ТОҚЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мемлекет басшысының бес жыл ішінде еліміздің орман қорында 2 млрд. түптен астам ағаш отырғызуға қатысты міндет жүктеді. Осыған орай Ақмола облысында 150 млн. түп көшет отырғызу жоспарда бар. Өткен жылы облыс мекемелері 2,5 мың гектарға жуық алқапқа ағаш көшетін отырғызды. Жоспар артығымен оырндалды.

РКС: Облыстағы орман шаруашылығы мекемелерінде аумағы 175 гектарды құрайтын 13 орман тәдлімбағы бар. Оның 3-еуі негізгі, 10-ы уақытша жұмыс істеп тұр. Онда ағаштың 100-ден аса түрі өсіріледі.

СНХ: БАТЫРЖАН ӘБІЛПЕЙІСОВ, ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Биыл біз жоспарға сәйкес 220 гектар жерге көшет отырғызуды жоспарлап отырмыз. Оның 160 гектарына қылқан жапырақты, яңни 900 мың түп екі жылдық қарағай отырғызылмақ. Сондай-ақ қайың мен үйеңкіні отырғызу жоспарда бар. Қазір екі жылдық қарағайдың 1 миллион түбі дайындалды. Кейін ол мемлекеттік орман қорына отырғызуға жіберіледі.

РКС: Облыста орман қорының көлемін арттыру бағытындағы жұмыстар жандана түскен. Орман шаруашылығы мекемелерінің барлық жұмысы жоспарға сай жүзеге асырылуда.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, МАДИНА ӘБДІКӘРІМОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ