ДИКТОР: Өткеніміз әрдайым жанымызда! Сәуірдің 18-і халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні. Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясымен тұспа-тұс келіп отырған мереке аясында Біржан сал мен Ақан сері ескерткіштерінің маңы тазартылды.

РКС: Табиғатты аялап, қоршаған ортаны таза ұстау. Көкшетаулық Қанат Сағынаев осындай ұстанымда. Азамат әр сенбіліктен қалыс қалмай, белсене ат салысуға тырысатынын айтады. Ұжымдық шаралардан бөлек, өзі-ақ көпті күтпей айналаны жинастыра беремін,-дейді. Бүгін де қалыс қалмай ескерткіштердің аумағын тазалауға келген.

СНХ: ҚАНАТ САҒЫНАЕВ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Осындай шараларға жиі қатысуға тырысамын. Өзгелерін де шақырамын. Әр адамның жүрегінде патриоттық сезімі болу керек. Көбі қоқысты тастауға ерінеді. Көшеде бара жатырп, тастай салады. Мені өзім қолымнан келгенше қоқысты көтеріп, жәшікке апарып тастауға тырысамын.

РКС: Бұл «Киелі мекен» апталығының 4-ші күні. Жиналғандардың арасында мәслихат депутаттары да бар.

СНХ: МАРАТ ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ: Бүгін біз үшін маңызды миссия. Қаланың тазалығы өз қолымызда. Жастар арасында патриоттық сезімді қалыптастыру. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы біздің ынтымақтастығымызды көрсетеді. Жастармен бірге біз де шықтық.

РКС: Бір апта бойы қаладағы ескерткіштердің барлығы қысқы шаң-тозаңнан тазартылып, олардың аумағын ретке келтіру жұмыстары жүргізіледі.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ