ДИКТОР: Ақмола облысында соңғы күндері су тасқынына қатысты жағдай біршама тұрақталып келеді. Өңірлерде құрылған комиссия қызыл судан зардап шеккендердің шығыны есептеліп жатыр. Оларға әлеуметтік көмек көрсетілуде.

РКС: Атбасар ауданында 200-ден астам үй су астында қалған. Бүгінге дейін 50 мың текше метрдей су сорылды. 400 инертті материал төселді. Топан судан зардап шеккендер 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы өтемақы алды. №1 орта мектептің аумағына кірген қызыл су толығымен шығарылды. Оқушылар енді білім ошағына келіп оқи алады. Қазір ауданда "Таза Қазақстан" акциясы қолға алынып, мектеп аумағы тазартылды. Ал, Есіл ауданы арқылы өтетін Есіл өзенінің су деңгейі күрт көтеріліп Двуречное ауылының 13 үйіне қызыл су кірген. Топан су басқан елді мекендерден 3 мың текше метрдей су сорылды. 30-дан астам адам эвакуацияланған. Сонымен қатар, төрт түлік те қауіпсіз жерге көшірілді. Бұланды ауданына қарасты Капитоновка, Вознесенка, Ивановка және Журавлевка ауылдарын су басты. 600-ге жуық адам эвакуацияланған. Өңірде дәл осындай 13 пункт жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда елдімекендерде су сорылып, жағдай тұрақталған.

СНХ: САНАТ ЕСЕТОВ, БҰЛАНДЫ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ: Қазіргі уақытта Бұланды ауданы бойынша жағдай тұрақты. Судан аса зардап шеккен елді мекендерге комиссия құрылып, шығындары анықталуда. Су шайып кеткен жолдарды қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Осыған жергілікті органдардың қызметкерлері және Макинск жол қызметкерлері атсалысуымен қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда. Жақсы ауданына қарасты 10 елді мекенді су басуы мүмкін. Бүгінгі таңда Қима ауылында пантондық өткел орнату жұмыстары қыза түскен. Себебі, 500-ге жуық тұрғын жанын шүбірекке түйіп отыр. Қазіргі таңда су тасқынын алдын-алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қызыл су Жарқайың ауданына қарасты Баранкөл аулының жолын шайып кетті. Салдарынан, құтқарушылар тұрғындарға қажетті заттарды қайықпен жеткізіп отыр. Күні кеше ақмолалық құтқарушылар Баранкөл ауылынан сырқаттанып қалған 1 жасар баланы Далабай ауылына эвакуациялады.

ИНТЕРШУМ: Баланы эвакуациялаудан фрагмент

- Оперативное время 12 часов 57 минут. Осуществляется перевозка больного ребенка.

РКС: Бүгінгі таңда сәби аудандық ауруханаға жеткізілді, қазір жағдайы тұрақты.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ