ДИКТОР: Облыс әкімі Марат Ахметжанов ерлер командалары арасында өткен "Pro Hokei Ligasy" Қазақстан Республикасы чемпионатында жеңіске жеткен «Арлан» хоккей командасын құттықтады. Аймақ басшысы команда басшылығымен және ойыншылармен кездесті.

РКС: Жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізді құттықтаған Марат Ахметжанов олардың осы маусымда керемет ойын көрсетіп, кез келген шақыртуға дайын екендерін тағы бір дәлелдегендерін атап өтті. Клубқа аймақ басшысының Алғыс хаты табысталды.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Сіздер ең мықты, ең тату команда екендіктеріңізді дәлелдедіңіздер. Қазақстан чемпионы деген атақ – ортақ күшпен қол жеткізген жетістік. Бұл жерде сіздердің күн сайынғы дайындықтарыңыз, қажырлы еңбектеріңіз және жанкүйерлердің мықты қолдауы да бар. Біздің облыс командасының алдағы уақытта да тек биік белестерді бағындыратынына сенімдімін.

РКС: Клуб басшылығы, бас жаттықтырушы мен чемпион команданың ойыншылары қолдау көрсеткен аймақ басшысына алғыстарын білдірді. Жеңімпаздар облыс әкіміне хоккей клубының арнайы киімін, шайба мен клюшка сыйлады.

СНХ: АНДРЕЙ ШЕВЧЕНКО, «АРЛАН» ХОККЕЙ КОМАНДАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Клубтың барлық командасымен, мамандарымен үлкен жұмыс атқарылды. Бұл нәтижеге қол жеткізу жолында біраз тер төгілді. Екі күміс жүлдеміз бар еді. Ал осы жеңісті барлық жанкүйерғ клуб қызметкерлері тағатсыздана күтті деп ойлаймын.

РСК: Еске сала кетейік, сәуірдің 16-сында «Арландықтар» өз алаңында елорданың «Номад» командасын 3:1 есебімен ойсырата ұтты. Осылайша екі мәрте Қазақстан чемпионы атанды. Алғашқы жеңіске осыдан 6 жыл бұрын қол жеткізген еді.

ЛАУРА ДӘУЛЕБЕК, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.