ДИКТОР: Көктем келіп, қар еріген уақытта судың сапасы нашарлайды. Көкшетау қаласында да орталықтандырылған су құбырынан келетін ауыз суды пайдалану мүмкін емес. Тұрғындардың басым көпшілігі сүзгілерді пайдаланады немесе тіршілік нәрін сатып алады. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина су тасқыны кезінде бөтелкедегі немесе қайнатылған суды ішуге кеңес береді.

РКС: Көкшетаудағы ауыз судың сапасы соңғы апталарда өте нашарлап кетті. Сол себепті тұрғындар күнделікті тұтыну үшін және тамақ дайындауға ауыз суды арнайы қондырғылардан сатып алуға мәжбүр. Қазір су тасқыны кезеңінде орталықтандырылған су құбырынан келетін тіршілік нәрі қоңыр түске айналған.

БЛИЦ: Судың сапасы өте нашар, түсі қоңыр. Кеше жұбайым екеуіміз сол суды бейнежазбаға түсірдік, дәлелім бар. Қаламызда су және жылумен проблемалар бар. Су тазартқыш қондырғылары дұрыс сүзгіден өткізбейді. Демек олар да тозған. Судың сапасының нашарлығын кейбірі тасқыннан дейді, кейбірі еріген қар суынан дейді. Бірақ бұл тек көктемде ғана емес, су жыл бойы жалғасатын проблема.

Су тасқыны басталған кезеңде крандағы су қоңыр түсті болып, жағымсыз иіспен аға бастады. Әсіресе ыстық суды қосқанда иіс шығады. Қаладағы судың сапасы нашар. Крандағы суды ішуге болмайды дейді. Басқа адамдар сияқты 10 теңге төлеп сатып аламыз.

РКС: Су тасқыны кезінде облыс бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мамандары судың сапасына мониторинг жүргізеді. Мамандар денсаулық сақтау, білім беру мекемелеріндегі су құбырларынан сынама алып, мектептер мен балабақшаларға ұсыныстар береді.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Ішек ауруларының және вирустық гепатиттің өршуіне жол бермеу үшін ауыз суға бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалануды ұсынамыз. Қайнаған суды суытып 2 сағаттың ішінде тұтыну керек. Мұндай ұсыныстар мектептер мен балабақшаларға да берілді және медицина қызметкерлері ауыз судың уақытылы ауыстырылуын қадағалауда.

РКС: Су тасқыны кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті суды көп мөлшерде хлорлау бойынша ұсыныс береді. Хлордың дозасын литріне 1 миллиграмға дейін арттыру қарастырылған. Облыс тұрғындарына көшеге шыққаннан кейін қолдарын жууға, оған мүмкіндік болмаса антисептик қолдану керектігі ескертілуде. «Көкшетау су арнасы» мекемесі облыс орталығын үздіксіз әрі сапалы сумен қамтамасыз ету үшін су тазарту қондырғысын, жаңа коагуляциялық цехты іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ