ДИКТОР: Азаматтардың шағымын қараған Бурабай ауданының прокуратурасы «Бурабай су арнасы» кәсіпорнының жұмысшыларына жалақы төленбегенін анықтады. Коммуналдық мекеменің мамандары шенеуніктердің салғырттығынан бір айлық жалақыларын уақытылы ала алмаған. Осылайша, «Бурабай су арнасының» 205 жұмысшысына 26 миллион 784 мың теңге жалақы берілмеген. Бұл келеңсіздікке аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мен тұрғын үй инспекциясының аталмыш кәсіпорындағы еңбекақы қорын бекітпегені себеп болған.

СНХ: МЕРУЕРТ БАЙБОЛОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ: Нәтижесінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мен тұрғын үй инспекциясы «Бурабай су арнасы» мекемесі қызметкерлерінің еңбекақы қорын бекітті. Биыл жалақы 10 процентке өскен және ол толық мөлшерде өтелді. Жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қадағалау шарасының нәтижесінде 205 жұмысшының конституциялық құқығы қорғалды.