ДИКТОР: Астана қаласында олимпиада чемпионы Бахтияр Артаевтың жүлдесі үшін жасөспірім боксшылар арасында халықаралық турнир өтті. Осынау байрақты бәсекеде Ақмола облысының спортшылары 3алтын 1қола медаль жеңіп алды. Сөйтіпғ командалық есепте 1-ші орынға көтерілді.
РКС: Облыс намысын негізінен Қажымұқан спорт кешенінің Степногорск қаласы мен Красный Яр ауылының жасөспірім боксшылары қорғады. Боксшылар Бахтияр Артаев турнирінің алдында оқу жаттығу жиындарына қатысып, техникалық-тактикалық шеберліктерін шыңдады. Соның нәтижесінде жақсы өнер көрсетті.
СНХ: ДАСТАН САХИ, БАПКЕР: Бахтияр Артаев турнирі Астанада тұңғыш рет жалауын көтерді. Оған шетелдерден де мықты жасөспірім боксшылар қатысты. Демек, жарыстың деңгейі биік болды. Жан-жақты дайындық, аянбай төккен тер зая кетпеді. Ауылға 3алтын 1күміс медаль әкелдік. Бұл жақсы көрсеткіш. Бүгіндері Қажымұқан спорт кешенінде кезекті жарыстарға кеңейтілген жаттығулар өтіп жатыр.
РКС: 50 келі салмақта сынға түскен Әділбай Бекарыс қарсылас шыдатпады. ОЛ чемпион болумен қатар, үздік боксшы атанды.
СНХ: ӘДІЛБАЙ БЕКАРЫС, ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ: Бокспен айналысқаныма біраз жылдар болды. Спорттың осы түрін жүрек түкпірмен таңдап алдым. Сондықтан әр жарысқа тыңғылықты дайындаламын. Бахтияр Артаев турнирінің әр кездесуі оңайға соқпады. Жақсы дайындық өз нәтижесін берді.
СНХ: МЕРЕКЕ ӘЛИ, ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ: Жеңіс оңай келген жоқ. Әр қарсыласыма қарсы тактика қолдандым. Шаршы алаңда барлық шеберлігімді салдым.
ИНТЕРШУМ:
STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Чемпиондар мен жүлдегерлер жаттығуға кірісіп кетті.
СНХ: ИСЛАМ ЕРМҰХАНБЕТ, ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ: Менің салмағымда қарсыластар өте мықты еді. Жақсы дайындық, өзіме деген сенім жеңіске жеткізді. Бапкерлерге алғысым шексіз.
РКС: Жерлес боксшылардың жарқын жеңісіне жаттықтырушылар Абзал Балтакескенов, Жүсіпбек Бектасов, Дастан Сахи және Әділбек Темірбеков үлкен үлес қосты.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ