ДИКТОР: Өскемен қаласында тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Осынау байрақты бәсекеде Щучинск қаласындағы № 7 мектеп-лицейінің оқушысы Ханшайым Әбиева қола жүлдегер атанды.

РКС: Қазақстанның 19 аймағынан қатысқан 400-ден астам тоғызқұмалақшылардың бәрі де жеңістен үмітті еді. Солардың арасында курортты Щучинск қаласының спортшы қыздары Айдана Мұрат пен Ханшайым Әбиева да болатын. Жерлестерін жұртшылық Бурабай станциясының вокзалында құрметпен қарсы алды.

СНХ: АЙДАНА МҰРАТ, ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫ: Жарыс өте тартысты өтті. Әр өңірдің өз мықтылары болды. Мен барымды салып, ойын өрнегін көрсеттім. Нәтижесінде, төртінші орынға ие болдым.

СНХ: ХАНШАЙЫМ ӘБИЕВА, ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР: Мені ұлттық тоғызқұмалақ спортына атам белгілі балуан Бегім Жапаров бастауыш сыныптан алып келді. Содан бері Жұматай Базарұлының қарамағында жаттығамын. Республикалық жарыстарға сан мәрте қатыстым. Осы жолғы жарыс өте тартысты болды. Үшінші жүлдемен оралдым.

РКС: Білікті бапкер Жұматай Әбілқасов шәкірттерінің осынау табысына риза.

СНХ: ЖҰМАТАЙ ӘБІЛҚАСОВ, БАПКЕР: Мен соңғы 20 жылдан бері Щучинск қаласында бірнеше мектепте тоғызқұмалақтан дәріс беремін. Шәкірттерімнің саны жыл озған сайын артып келеді. Өскеменде өткен жарыста Ханшайым Әбиева тағы да жақсы өнер көрсетті. Айдана Мұраттың ойынына да көңілім толды.

РКС: Курортты қаланың тоғызқұмалақшы қыздары әлі де талай биіктен көрінеді деген сенім бар.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ