ДИКТОР: Жерлестеріміз жарады! Жергілікті “Асыл мұра” би ансамблі Түркістанда өткен халыққаралық байқаудан жүлделі оралды. Түркістандықтарды өнерімен тәнті еткен ұжымды көкшетаулықтар теміржол вокзалынан құшақ жая қарсы алды.

РКС: Перронда жерлестерімізді қолдарына шар мен құшақ-құшақ гүл ұсатаған туған-туыстары, дос-жарандары мен жанкүйерлері күтіп тұр. Бірер минуттан соң пойыз дыбысы естілді.

ИНТЕРШУМ: қарсы алу сәті

РКС: Пойыз тоқтап, вагонның есігі ашыла салысымен, жұртшылық жеңімпаздардың құрметіне қошемет көрсетті. Естеріңізге сала кетейік, Ақмоланың абыройын асқақтатып жүрген жергілікті «Асыл мұра» би ансамблі жуырда ғана Түркістанда сәтті өнер көрсетті. Нақтырақ айтсақ, республиканың түкпір-түкпірінен сондай-ақ, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдерден жиналған 80-нен астам талантты жаспен сынға түсті.

СНХ: ДИНА ОРМАНШИНА, “АСЫЛ МҰРА” ХАЛЫҚ БИ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Кіші топтың қыздары 2 би дайындады. Нәтижесінде екі қойылым 1-ші және 2-ші орынға ие болды. Ал үлкен топ бірінші орынды және гран-приді еншіледі. Қыздарыма қолдау көрсеткен ата-аналарына алғыс айқтым келеді. Түркістанда болған 4 күнде дайындықтан қол үзген жоқпыз. Басты мақсат жеңіске жету болды. Біз оған жеттік.

РКС: Байқауға ұжымның үлкен және кіші тобы қатысқан. Барлығы 55 адам. Музыканы жан-тәнімен сезінетін талант иелері байқауда бірнеше қойылым ұсынып, қазылар алқасын тәнті еткен.

СНХ: МЕДИНА МҰРАТОВА: “АСЫЛ МҰРА” ХАЛЫҚ БИ АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ: Шын мәнінде қобалжу болды. Бірақ жүрегіммен жеңіске жететінімізді сездік. Барлығы Дина Балташевынаның арқасы. Осы конкурс бізді бір отбасындай қылды десем болады. Осы байқауда Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен, Қазақстанның бүкіл облыстарынан тәжірибелі бишілер болды. Бірақ жеңіске жету қиынға соққан жоқ.

РКС: Демалуға уақыт жоқ. Келесі айда би ұжымы Түркия елінде өнер көрсетпек. Сонымен қатар, биыл Шымкент қаласындағы халықаралық байқауда да бақтарын сынамақ.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ